Жаз, балалық, спорт....
04.06.2018
«Богатырь Көмір» компаниясының басшылығы және «Батыр Көмір» жергілікті кәсіподақ белсенділері қалыптасқан дәстүр бойынша балаларды қорғау Күніне кәсіпорынның спорттық-сауықтыру кешені базасында жас екібастұздықтар үшін спорттық мереке ұйымдастырды.
Жыл сайын 10жыл ішінде осы тәріздес іс-шаралар ол жерде қалалық аула клубтарының екі жүзге жуық тәрбиеленушілерін жинауда. Осы жолы ұлдардан құралған он команда және осынша қыдар командасы футбол алаңында және эстафеталық жарыста ең мықты атағы үшін жарысқа түсті.
Футбол алаңындағы сәттілік «жігерліктерге» оң көзбен қарады. Олар ойындардың жеңімпазы атанды. Екінші орынды «Шаңырақ» жас футболистер алса, жүлдегерлер үштігін «достықтар» жапты. Қыздардың эстафеталық байқауларында «алтынды» «Достар» командасы жеңіп алды. «Жігер» командасының спортсмендері екінші орынға ие болса, «Достық» командасы жеңістің үшінші тұғырына көтерілді.
Жүлдегерлерге дипломдар, спорттық құрал-саймандар және тәтті сыйлықтар табысталды. Спорттық мерекенің өзге де қатысушылары жұбанышты сыйлықсыз қалмады.
Марина ПОНКРАТОВА
Фото Олег МАЛЬЧУКТІКІ.