Жақсылық жасауға асық
31.05.2018
«Богатырь Көмір» ЖШС «Жақсылық жасауға асық» жылсайынғы қалалық қайырымдылық марафонына қатысты.
«Екібастұз» балалар қорымен ұйымдастырылған марафон біздің қаламызда жыл сайын балаларды қорғау Күніне орай өтеді. Биылғы жылы ол он алтыншы рет жас екібастұздықтарға көмек қолын созуға ниет білдірген қайырымды жандарды жинады.
«Қайнар» білім беру- бос уақытты қамту орталығының сахнасында балалар шығармашылық ұжымдарының концерті өтті, қайырымдылық акциясында ірі кәсіпорындар, ұйымдармен қала тұрғындары қатысты. Олардың ішінде – 600 мың теңгеден аса қаражатты қайырымдылыққа жұмсаған «Богатырь Көмір» кеншілері болды. Барлық жиналған қаражаттар ауру балаларды емдеуге, аз қамтамасыз етілген және жайсыз отбасылардан шыққан балалармен жетімдерге көмекке жіберіледі.
Балалар қорының төрағасы Татьяна Шмидтың айтуынша, алғашқылардың қатарында қажетті қаражаттарды әр сәті қымбат ауыр науқасты балалар ала бастады.
Марина ПОНКРАТОВА
Фото Марии ГОНТАРЬ.