Ұмытпаймыз, құрметтейміз, мақтан етеміз!

10.05.2018

Екібастұздықтар 9 мамыр күні ең басты мерекелердің бірі – Жеңіс күнін тойлап өтті.  «Қазақстан» кинотеатрының алдында дәстүр бойынша мерекелік митинг өтті, әрине «Богатырь Көмір» ЖШС –нің кеншілері де бұл мерекеге қатысты.

Жиналғандарды жеңіс күнімен қала әкімі Қайрат Нүкенов құттықтады. Екібастұздықтар Ұлы Отан соғысында қаза тапқандарды бір минуттық үнсіздікпен және әскери қару дүркінімен еске алып, құрмет көрсетіп, Даңқ кешенінде Мәңгілік алауға гүл шоқтарын қойды.  

Ұрыс алаңынан қайтып оралмаған батырларды еске алу үшін соғыс ардагерлері, тыл еңбеккерлері, Мәңгілік Полк құрамының ұрпақтары, сонымен қатар,  Екібастұз қаласының  кәсіпорын мен ұйым өкілдері келді. «Богатырь Көмір» ЖШС кеншілері мәңгілік алғысын білдіру мақсатында ескерткіш мемориалына қызыл қалампыр мен гүл шоқтарын қойды.

Мерекелік күн соғыс жылдарының ең үздік композицияларының концертімен аяқталды.

 

Марина ПОНКРАТОВА

Фото Олег МАЛЬЧУКТІКІ

 

Жаңалықтар тізіміне оралу