«Жеңіс» әлеуметтік – қайырымдылық жоба.

03.05.2018

Баяғыша сапта

Ұлы Жеңіс  күніне орай «Самрұқ – Қазына» АҚ-ның бастамашыл тобының бастауымен «Богатырь Көмір» ЖШС-нің қоғамдық қоры өкілдері Ұлы Отан соғысының кенші – ардагерлерінің үйінде қонақта болып, келе жатқан мерекелерімен құттықтады.

Сұрапыл жылдардың куәгерлері күннен – күнге азайып бара жатыр. Екібастұз ауданы бойынша күні бүгінге дейін ортамызда тоғыз ардагер қалды. Оның екеуі Алексей Демьянович Перелякин мен Александр Федорович Щетчиков «Богатырь Көмір» көмір кәсіпорынының еңбегі сіңген кеншілері.     

Ұлғайған жасына қарамастан олар әскери жинақылығын жоғалтпаған. Өз қонақтарын сымбаттарына сай китель киіп, сансыз марапаттармен қарсы алды. «Богатырь Көмір» қоғамдық қоры өкілдері Наталья Энгель мен Лариса Сонных компания басшылығы атынан азық – түлік жинағы, ақшалай сыйақы мен мерекелік гүл шоғын сыйлады.  Өздеріне көрсетілген құрмет пен сыйлықтарға риза болды.  

Алексей Демьянович биылғы қыста өзінің 95 жас туған күнін атап өтті. Үш жыл бұрын басынан өткерген инсульттан кейін, өз қыздары Татьяна мен Галинамен бірге тұрады. Алайда зейнеткер өзінің жеке тұрған кезіндегі естеліктерімен бөлісті. Мінезіндегі қайсарлық пен жауынгерлік рухы сонау соғыс жылдары қалыптасқан.   

Ұлы Жеңіске 4 жыл бұрын, ұрыс алаңында Отан алдындағы борышын өтеді. Үш айлық минометшілер курсын тамамдаған соң, 42-ші жылы жас Алеша Перелякин жаңа шақырылғандар қатарында Аргун өзенінің бойында бекініс салушылар қатарына жіберілді.  

Кейін жақында ғана қалыптасқан атқыштар полкі қатарында қорғаныс бөкеттерін салуға дайындама әзірлейтін құрылыс орманына жіберілді. Соғыс соңында әскери бөлімшесін кеңес – қытай шекарасына қайта орналастырылды.  Кейін 1036 полкында 293 атқыштар дивизиясы құрамында Жапониямен соғысқа қатысты.

46 – шы жылдың тамызында госпитальдан кейін туған өлкесі Новосибирь облысына қайтарады, кейін Алтайғаға көшеді. Екібастұз қаласына көшіп, «Иртышуголь» трестінде «Южный» кенішіне жабдықтарды жөндеу бойынша кезекші электрслесары болып жұмысқа орналасып, 50 жылдан астам мекен етуде.

 Соғыс жылдарындағы жауынгерлік қызметі үшін Алексей Демьянович Перелякин Отан соғысының 2-ші дәрежелі орденімен, «Жапониямен соғыстағы жеңісі үшін»  медалімен, «Ұлы Отан соғысының қатысушысы» төсбелгісімен, көптеген мерейтойлық медалдарымен  марапатталған. Ардагер еңбек айбыны «Әлеуметтік жарыстар жеңімпазы», «Көмір өнеркәсібінің мастер – механизаторы» белгілерімен марапатталған.

Өмірге деген құштарлыққа толы Ұлы Отан соғысының тағы да бір ардагері Александр Федорович Щетчиков. Ол қазір де 94 жасында өзінің 18 жасар сержант жасөспірім кезіндегі Курск зенитті – артиреллериялық полкі құрамында бірінші жауынгерлік ұрысқа қатысуын, сонымен қатар,  Киев қаласы үшін ұрыстарда қатысты, Украина, Польша, Закарпатьені азат етумен қатар Жеңісті Прага маңында қарсы алған. Александр Федорович құрамында соғысқан дивизия Қызыл Жалау орденімен марапатталған жалғыз дивизия болып табылады. Майдангердің өзінде «Ерлігі үшін», «Әскери қызметі үшін» және «Германияны жеңгені үшін»  медалімен т.с.с. көптеген әскери марапаттары бар. Соғыстан соң Александр Федорович алыс шығыста тұрып, қызмет жасаған.

1967 жылы кеншілер қаласына көшіп келіп, ұзақ жылдар бойы «Богатырь» кенішінде тау-кен қазбаларын жөндеу бойынша кенші болып жұмыс істеді.   

Бүгін зейнеттік демалыстағы майдангер бұрынғы қызықты шақтарын, әріптестерін, әрине батылдық пен ерлікке толы  жылдарды жылулықпен еске алады.

 Марина ПОНКРАТОВА

Фото Олег МАЛЬЧУКТІКІ

 

Жаңалықтар тізіміне оралу