Тағы да биіктікте
02.05.2018
Өткен демалыстарда «Богатырь Көмір» компаниясының спортшылары бірден бірнеше ірі спорттық іс-шараларда үздік көрсеткіштер көрсетіп тағы да биіктіктен көрінді.
29 сәуірде «Жасыбай» БЖСМ-да кәсіпорындар мен ұйымдардың арасында қалалық Спартакиада есебінде қазақша күрес бойынша жарыстар өткізілді. «Богатырь Көмір» спортшылары «Восточный» кенішінен, «Проммашкомплект» ЖШС-нан, ІІД, МАЭС-2, МАЭС-1 және «Майкөбен-Вест» ЖШС-нан келген қарсыластарын артқа тастап чемпион атанды.
Сонымен қатар күрескерлер де жанкүйерлерді жеке нәтижелерімен қуантты. «Богатырь» кенішінен Марғұлан Атеев пен Иманбек Әлкенов 55-ке және 60 кг дейінгі салмақ категориясында жеңіске жетті. Салмағы 66 кг дейін спортшылар арасында БЖКБ-дан Ақан Жұмабеков «қола» жүлдегері атанды. Бас энергетик қызметінің қызметкерлері Ерғанат Еңсебаев пен Раимбек Олжабай 82-ге және 90 кг дейінгі салмақ категориясында тұғырдың екінші сатысына ие болды. «Богатырь» кенішінен ауыр салмақты Мақсат Нариф 90 кг-дан аса салмақтағы күш иесі атанды.
1 мамырда «Богатырь Көмір» футболшылары Екібастұз қаласының он алты КФК командасының арасында емхана кешенінің жанында орналасқан жасанды жабыны бар толық көлемді футбол алаңының ашылуына арналған турнирде чемпиондар атағын жеңіп алды.
Жасұлан Досымов капитандық еткен команданың құрамында ойнағандар: Руслан Шишкин, Анвар Зейнулин, Олег Негодюк, Никита Мельников, Александр Лобач, Ерсін Оқасов, Владимир Чепурнов, Серік Махабеков, Дмитрий Минаков, Ермек Ермекбаев, Дастан Рахманғұлов, Александр Семеникин, Серік Абаканов, Арман, Абаканов және Данат.Кеншінбаев.
Жазып алған Марина ПОНКРАТОВА
Спорттық жарысқа қатысушылардың суреті.