«Богатырлық» әйелдердің құрметіне
12.03.2018
Кәсіпорындағы нәзік жандардың қатысуымен өткізілген жыл сайынғы «Көңілді старттар» 4 наурызда «Богатырь Көмір» ЖШС-нің спорт-сауықтыру кешенінде өз жанкүйерлерін жинады. Еліктіргіш көріністі күреске 10 команда түсті. Әйелдер спорт сынақтарын тамаша еңсере білді, қандай қиындықтар болса да жеңе білетіндерін дәлелдеді.
Атқарушы аппарат командасы жарыста жеңімпааз атанды (капитаны Екатерина Медникова). Оқу-курстық комбинаттың құрамасы (капитаны Ольга Ишкачева) екінші нәтижеге қол жеткізді. Тұғырдың үшінші деңгейіне «Богатырь» кенішінің спортшылары (капитаны Евгения Ваганова) ие болды. Жеңімпаздар дипломдармен және бағалы сыйлықтармен марапатталды. Жүк қызметінің, ТЖЖБ, ТКБ, ТКЖЖ-2, ТКЖЖ-1, БЖКБ және БЭҚ командалары жұбаныш сыйлықтарын ала отырып келесі жолы өз артықшылықтарын дәлелдейтіндерін айтты.
«Көңілді старттардың» белсенді жанкүйерлері де тосын сыйсыз қалмады. ТЖЖБ және БЭҚ-ны қолдау командалары сыйлыққа торт алды. Төрт күн өткен соң 6 наурызда көмір кәсіпорнының азаматтары «Богатырь Көмір» компаниясының әйелдер ұжымына мерекелік көңіл-күй сыйлады.
Әкімшілік және серіктестіктің кәсіподақ комитеті қызметкер әйелдерді құттықтап ведомствалық наградалар берді. Халықаралық әйелдер күнінің құрметіне «Еңбек Даңқы» орденін алғандар: Елена Корнейчик, Татьяна Качура, Үміт Құдайқұлова, Ольга Чернюк, Татьяна Махортова, Шолпан Абдуалиева және Валентина Пак. «Шахтер Даңқы» белгісімен Ирина Немытых, Ирина Завьялова мен Гүлніс Маликоваға наградталды. Отыз «богатырлық» әйел компанияның басшылығы мен кәсіподақ комитетінің құрмет грамоталары мен алғыс хаттарына ие болды.
«Богатырь Көмір» ЖШС-нің біріккен жастар қозғалысының белсенділері «Богатырь» кеніші ӘТК-нің акт залында сүйкімді ханымдарға тамаша концерт қойды. Александр Терещенко, Руслан Мусин, Азамат Оздоев, Александр Еременко, Жадыра Мамырханова, Дархан Төлеубаев пен Дамир Бекіміров сияқты кәсіпорынның шығармашылық бомондтары өкілдерінің орындауында әйелдерге арналып үздік композициялар шырқалды.
Концерт аяқталған соң барлық көрермендерге гүл шоқтары берілді және мерекелік фуршет ұйымдастырылды.
Марина ПОНКРАТОВА
Суретті түсірген Олег МАЛЬЧУК.