Серіктестікті жалғастыру

19.03.2018

19 наурызда «Богатырь Көмір» компаниясының бас директоры Рустам Сансызбаев жұмыс сапармен Б.Нұржанов атындағы Екібастұз МАЭС-1 мен Екібастұз МАЭС-2 станциясына барды.

МАЭС-1 басшысы Рысқан Свамбаев қонақтар үшін еңбек даңқы саяжолы бойынша таныстыру экскурсиясын жүргізді, станцияның құрылу тарихы туралы, өндірістік жетістіктер мен кәсіпорынды дамытудың жоспары туралы айтты.

Машзалға, басқарудың орталық қалқанына, №1 басқарудың блоктық қалқанына және химиялық сумен тазалау цехына барған кезде МАЭС-1 бас директоры қолданыстағы жабдықты жаңарту кезеңіне толық тоқталды.

Рустам Санзызбаев энергетикалық кәсіпорынға 1100 күннен аса жазатайым оқиғаларсыз  жұмыс істеуге мүмкіндік берген еңбекті қорғаудың жөнге салынған жүйесіне қызығушылық білдірді. Қонақтар МАЭС-1 әлеуметтік инфрақұрылым объектілеріне ерекше назар аударды.

Екібастұз МАЭС-2 станциясында көмір шығарушы компанияның басшысы басқарма төрағасы Николай Тушинскиймен кездесті. Іскерлік сұхбаттасудың барысында әрі қарай табысты серіктесу мәселесі талқыланды.

Рустам Сансызбаев сапарды былай қорытындылады: 

- Жалпы алғанда біздің бүгінгі сапарымыз тиімді болды. Біздің назарымызға ұсынғандардың барлығы оң тәжірибе ретінде алуға лайықты.

«Богатырь Көмір» ЖШС-нің баспасөз қызметі

Суретті түсірген Олег МАЛЬЧУК.

 

Жаңалықтар тізіміне оралу