Балықшының байлығы етек, жеңі кепкенше!
16.03.2018
10 наурызда қысқы балық аулауға әуес «богатырлықтар» Сәтбаев атындағы каналдың 9-сорғы станциясының мұзына шабуыл жасады. Бұл жерде кәсіпорынның 14 командасы арасында мұз астында балық аулау бойынша «Богатырь Көмір» ЖШС-нің командалық біріншілігі өтті.
Ауа райының желсіз болып, осындай қызықты іске мүмкіндік туғызғанына қарамастан балықтың қабуы нашарлау болды. Сондықтан бұл күні сәттілікке қол жеткізгендер аз болды.
Командалық есепте Путь-8 балықшыларының жолы болды (капитан Ромазан Құсанов). Олардың ұстаған балығы 3 кг тартты. 1 кг 800 г балық аулаумен екінші орынды ТЖЖБ алды (капитан Владимир Рожок). Үшінші орын және 1 кг 850 г олжа ТКБ-ға бұйырды (капитан Ерлан Әубәкіров). 1 кг 310 г балық аулаған теңдесі жоқ балықшылар – Лилия Соловьева мен Надежда Кубринаның қатысуымен капитаны Геннадий Кобыльченко басқарған кәсіпорынның ардагерлер командасы 4-орынға лайық болды.
Жеке біріншілікте үш номинацияда да жеңімпаздар табысы БЖКБ-дан Александр Кравцовқа берілді. Онда ең алғашқы, ең үлкен балық және ең бай ассортимент – алабұға, торта және таутан болды. Автобазалық Александр Петренконың қармағына ең кішкентай балық түсіпті. Ауланған балық саны бойынша «Богатырь» кенішінен Александр Ефремов көшбасшы атанды. БЭҚ-тан Берік Әлжановтың әңгімесі ең күлкілі балықшылар ертегісі болып танылды.
Әр түрлі диаметрде шұңқыр қазу конкурсында БЖКБ-дан Павел Зайцев, Жанат Бәйтереков пен Юрий Гераскин үздік атанды.
Барлық жеңімпаздар компания басшылығынан дипломдар мен ақшалай сыйлықтар алды.
Марина ПОНКРАТОВА
Біріншілікке қатысушылардың фотосуреті.