Бас директор «Богатырь» көмір кенішіне жұмыс сапарымен барып көмір шығарудың өндірістік үдерістерін байқады және негізгі технологиялық рәсімдермен танысты
19.03.2018
Бас директор «Богатырь» көмір кенішіне жұмыс сапарымен барып көмір шығарудың өндірістік үдерістерін байқады және негізгі технологиялық рәсімдермен танысты.
Сапар роторлық экскаватордың және вагондарға көмір арту орнына барумен басталды. Бұдан әрі Р.Сансызбаев басқарған құрылымдық бөліше басшыларынан тұратын жұмыс тобы шығару технологиясының барлық кезеңдері бойынша көмірді бұрғылап жару және үйінділерді жою орнына дейін барды.
Сапар барысында 2018 жылы көмір шығару бойынша жоспарлардың орындалуы үшін көкейтесті, маңызды мәселелер қарастырылды. Техникалық мамандармен диалог жүргізу кезінде техниканың сынуы, сонымен қатар контрагенттердің сапалы жұмыс істеулері мен уақытылы жабдықтаулары сияқты технологиялық циклдің проблемалары талқыланды.
Бас директор өндірістік көрсеткіштерге қол жеткізу маңыздылығымен қатар қызметкерлердің денсаулықтарын қорғау мен қауіпті өндірісте техника қауіпсіздігі деңгейін тиісті деңгейге көтеру қажеттілігі, сондай-ақ көмірді шығарған кезде стандарттар мен экологиялық нормалардың сақталуы туралы пікір алмасты.
Компания басшысының жұмыс сапары «Богатырь» кенішінің әкімшілік-тұрмыстық кешеніне барумен, өндірістік қызметкерлердің әлеуметтік-тұрмыстық жағдайларын тексерумен аяқталды.
Сапардың қорытындылары бойынша бірқатар тиісті тапсырмалар берілді.
Баспасөз қызметі
Суретті түсірген Олег МАЛЬЧУК.