Даңқты еңбеккерлер жасайды

27.09.2017

Еңбек күніне арналған мерекелік іс - шара  «Богатырь Көмір» ЖШС-інде жылы жүзді кездесу мен еркін түрде өтті. Мерекелік бағдарлама басы Серіктестіктің қамқорлығындағы К.Пішенбаев атындағы тау-кен колледжінің студенттеріне арналған Еңбек Даңқы залына экскурсия ұйымдастырылумен басталды.  Мұнда жас ұрпақ көмір өндіру өнеркәсібінің дамуындағы ең маңызды сәттерді түсірген сирек кадрлардан фотобаяндаманы көрді.  Студенттердің «Богатырь» кенішінің макеті мен мұражайда қойылған  бірегей экспонаттар шынайы қызығушылықтарын оятты. Мұрағаттық құжаттарға айналып үлгерген социалистік жарыстың ауысып отыратын жалаулары, ескерткіштік және мерейтойлық медальдар, құрмет грамоталары, сонымен қатар өткеннің айнасы болып тұрған  тағы басқа естеліктер жасөспірімдерді бір сәтке сонау «Богатырь» енді ғана құрылып, дамып келе жатқан заманға жетелегендей болды. Әсіресе «Богатырь» кенішінің кен орнын игеру кезеңдері мен жақын арадағы даму жоспары туралы баяндамаларды бозбалалар мен қыздар ұйығып тыңдады.  Экскурсиядан кейін жас ұрпақтың жайылған ақ дастархан басында арадагерлермен кездесуде жалғасын тапты.  Еңбегі сіңген ардагер – кеншілер Халел Абижанов пен Юрий Ирекин жас ұрпаққа нағыз тұлға болып қалыптасу үшін  өмірде қандай қағиданы ұстану керектігі жайлы өз ақылдарын айтты. «Богатырь Көмір» ЖШС-індегі  жастар қозғалысы бірлестігінің мүшелері Руслан Мусин мен Николай Эстерле қонақтарға өз мамандықтарына қалай келгенін және  жұмыс күндеріндерінің қызықты сәттерімен бөлісті.  

Еңбек Күніне арналған мерекелік бағдарламаның жалғасы келесі күні болған  салтанатты жиналыс болды.  Оқу -  курстық  комбинатының Акт залында өткен салтанатты жиналыстың құрметті қонақтары болып ардагер – кеншілер, сонымен қатар жұмыс жастарының үздік тәлімгерлері болды. Компания басшылығының атынан кеш қонақтарын Екібастұз қаласының құрметті азаматы, көмір өнеркәсібінің Құрметті жұмыскері, «Шахтер Даңқы» белгісінің толық коволері Аманғос Өтегенов қарсы алды.  Құттықтау сөзінде Амангос Титауович Еңбек Күні мерекесінің мағынасы мен құндылығын атап өтіп, кеншілер отбасындағы мирасқорлықты сақтау салтына ерекше тоқталды. Аға ұрпақ атынан еңбек ардагерлері Анатолий Дворак, Сабит Садыков, Геннадий Кобыльченко, Петр Шпис өз тараптарынан ізгі тілектерін білдірді. Қызметкерлерді басқару бөлімінің бастығы Тамара Карпец өз тілегін ән шашу мен жылы сөздерімен жеткізді. Кәсіподақ ұйымының атынан «Богатырь Көмір» ЖШС-нің кәсіподақ ұйымының төрағасы  Қайролла Тұратаев  құттықтады. Өз тәлімгерлеріне Владислав Кинсфатер, Розалина Жумбаева, Анна Матросова, Руслан Мусин сынды кәсіпорын жастары шын жүректен алғыстарын білдірді.  Еңбек айбыны белгісін табыстау салтанатын «Богатырь Көмір» ЖШС-нің қызметкерлер құрамы және әлеуметтік саясат жөніндегі директор орынбасары Наталья Трофимова ашты. 2- ші дәрежелі  «Шахтер даңқы» белгісі және «Серіктестіктің ең үздік тәлімгері» атағына «Богатырь» кенішінің эксковатор машинисті Максим Максак, ТКЖЖ зауытының ұстасы Андрей Мусиенко  лайық деп танылды.  3 - ші дәрежелі  «Шахтер даңқы» белгісі және «Серіктестіктің ең үздік тәлімгері» атағына Бас энергетик қызметінің электр слесарі Андрей Коволенко марапатталды.   2- ші дәрежелі  «Шахтер даңқы» белгісі және «Серіктестіктің ең үздік тәлімгері» атағына Богатырь ЖТКБ жол жөндеушісі  Серік Селов, 2- ші дәрежелі  «Шахтер даңқы» белгісімен Богатырь ЖТКБ жол жөндеушісі  Магомед Нальгиев, 3-ші дәрежелі «Еңбек даңқы» белгісі және «Серіктестіктің ең үздік тәлімгері» деп Автобаза слесарі  Владимир Крутиков марапатталды. «Жұмыс мамандығын ең үздік насихаттаушысы» номинациясы бойынша Құрмет грамотасымен ақшалай сыйақымен Богатырь ЖТКБ жол жөндеушісі  Жеңісбек Хасенов, Бас энергетик қызметінің электрслесарі Олег Паско, «Богатырь» кеніші дренаж шахтасының шам жағушы  Елена Мельникова, Богатырь ЖТКБ компресорлық жабдықтарының машинисті Дамилә Сағандықова, Бас энергетик қызметінің электрслесарі Евгений Федосеенко, ТКЖЖ зауытының бақылаушы мастері Татьяна Мокрушина, ТКЖЖ зауытының  слесарі Алексей Медьведев,   ТКЖЖ зауытының  слесарі Александр Крупцов, ТКЖЖ зауытының  слесарі Жанга Ергазин, Богатырь ЖТТБ поездарды құрастырушы Денис Комельников,  көмір нарығы және оны өткізу жөніндегі дирекциясының жүкті қабылдап- тапсырушы Танзилия Мурзагалиева. Соңғы үшеуі сонымен қатар көмір өнеркәсібінің салалық кәсіподақ ұйымының құрмет грамотасына ие болды. Алғыс хат және «Теориялық оқытудың үздік оқытушы» номинациясы бойынша құрмет грамотасымен және ақшалай сыйақыға:  Игорь Сушков, Александр Кравцов, Сейфолла Тұрсынбаев, Лилия Каширина, Евгений Кожин, Павл Баранов, Ерлан Аубакиров, Евгений Беллер, Елене Шепотатьевалар ие болды. Оқытуды ең үздік ұйымдастырушысы болып «Богатырская» станциясының бастығы Галина Шептаева деп танылды. «Еңбектегі иновация мен дамыту» номинациясы бойынша құрмет грамотасымен және ақшалай сыйақымен Дмитрий Левдонскойды марапаттаса, «Оқыту үрдістерін үздік ұйымдастырушы» номинациясы бойынша – Татьяна Комиссарова деп таныды. «Менімен жұмыс жасап жүрген Еңбек адамы туралы айтамын» атты тақырыпқа шығарма сайысында «Богатыр» кенішінің №3 аршу және үйінді жұмыстары участкесінің эксковатор машинисті Александр Ушаков, БЖТКБ №4 жолының жол жөндеушісі Қайсар Қапар, «Богатырь» кенішінің №2 ӘТК өндірістік монша жұмыскері Инна Михайлова, ТКЖЖ зауытының ТББ ультрадыбыс бойынша дефектоскописті Мөлдір Бексаутовалар марапатталды.

Қанат АЛДАБАЕВ

Фото Олег МАЛЬЧУКТІКІ

 

Жаңалықтар тізіміне оралу