Богатырлықтардай, шын жүректен
31.08.2017
«Богатырь Көмір» ЖШС-нің кеншілері өткен Шахтер Күнін ауқымды түрде атап өтті. Биылғы жылы көмір кені еңбекшілерінің мерекесіне ерекше мәртебе берілді, себебі көмір саласының еңбекшілері 70 жылдан бері осы мерекені атап өтуді дәстүрге айналдырған.
Бұл қатардағы оқиға емес, сондықтан богатырлықтар мерекеге мұқият дайындалды. Алдымен олар аға ұрпаққа құрмет көрсетті. Кеншілердің бас мерекесінің қарсаңында екі мыңға жуық зейнеткер-көмір өндіруші 3,5 мың теңге көлемінде ақшалай сыйлық алды. Компания басшылары игі дәстүрді сақтай отырып өз ардагерлеріне «Шахтер вальсі» атты концерттік бағдарламамен мерекелік түскі ас ұйымдастырды. Сонымен қатар, еңбегі сіңген отыз ардагер-кенші «Березка» Демалыс үйінде ұмытылмас күндерді өткізу мүмкіндігіне ие болды. Көрсетілген кішіпейілділікке көңілдері босаған ардагерлер «Богатырь Көмір» ЖШС басшылығына шын жүректен алғыстарын білдірді.
Мерекелік іс-шаралардың бағдарламасы «Богатырь» кенішінің әкімшілік-тұрмыстық корпусының акт залында еңбек ұжымының салтанатты жиналысымен жалғасты. Шахтер Күнінің 70 жылдығына арналған іс-шараға қатысқандар: «Богатырь Көмір» ЖШС-нің директоры Серік Раипов, Forum Muider B.V. директорлар Кеңесінің мүшесі, «Самұрық-Энерго» АҚ-ның активтерін басқару және өндіру жөніндегі басқарушы директор Алексей Репин, Forum Muider B.V. директорлар Кеңесінің мүшесі Серік Тютебаев, «РУСАЛ» ОК департаментінің директоры Юрий Трещев, «Богатырь Көмір» ЖШС бас директорының бірінші орынбасары – қаржы директоры Николай Корсаков, «Богатырь Көмір» ЖШС бас директорының орынбасары – өндіріс жөніндегі директор Сергей Платонов, «Богатырь Көмір» кәсіподақ комитетінің төрағасы Қайролла Тұратаев.
«Богатырь Көмір» ЖШС-нің бас директоры Серік Раипов компанияның еңбек ұжымын кәсіби мерекемен құттықтады:
- Құрметті кеншілер! Бірінші жартыжылдықтағы акционерлердің оң бағасына ие болған біздің кәсіпорынның жұмыс нәтижесі біздің алға қойған жоспарларға жететінімізге сенімділік білдіреді. Осы тамаша мереке күні сіздерге шын жүректен амандық, үй-іштеріңізге жайлылық пен жылулық, жаңа еңбек белестеріне жете берулеріңізді тілеймін.
«Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры Басқармасының төрағасы Өмірзақ Шөкеев пен «Самұрық-Энерго» АҚ Басқармасының төрағасы Алмасадам Сатқалиев атынан мерекег қатысушыларды Forum Muider B.V. директорлар Кеңесінің мүшесі Алексей Репин құттықтады.
«Богатырь Көмір» кеншілеріне бұл күні мерекенің басқа қонақтары жақсылық пен амандық тіледі. Мерекелік жиналыс өндіріс озаттары мен серіктестіктің ең үздік жұмыскерлеріне қажырлы еңбек белгілерін ұсынумен жалғастырылды.
І дәрежелі «Шахтёр даңқы» Құрмет белгісімен, І дәрежелі «Еңбек даңқы» белгісімен, «Көмір өнеркәсібінің құрметті жұмыскері», «Компанияның үздік жұмыскері» атақтарымен, «Самұрық-Қазына» АҚ-ның Құрмет грамотасымен, «Самұрық-Энерго» АҚ-ның, «KAZENERGY» Ассоциациасының, Екібастұз қаласы әкімінің Құрмет грамотасымен және Алғыс хаттарымен «Богатырь Көмір» ЖШС-нің 80 аса еңбекшілері марапатталды.
«Богатырь Көмір» ЖШС-да Шахтер Күнін мерекелеудің шарықтау шегі богатырлықтар және олардың отбасы мүшелері қатысқан концерттік-ойын-сауық бағдарламасы болды. Мерекелік іс-әрекеттерді өткізу орталығы компанияның спорттық-сауықтыру кешені болды. Биылғы жылы мерекені ұйымдастырушылар қонақтарға барынша жайлы жағдай жасағандары көрініп тұрды. ТКЖЖ зауытының шеберлерімен күрделі құрылыс жөніндегі Дирекцияның ұжымы бірлесіп нағыз таңғажайып көрсетті. Олардың қолдарымен құрастырылған сахналық алаңша мақтауға тұрарлықтай болды. Оның әсер ететін көлемі мерекеге аса зәулімділік берді. Көрермендер мінбесінде орнатылған, қонақтарды ыстық аптаптан қорғап тұрған күнқағар да нағыз тосынсый болды. Сахнадан келіп жеткен құттықтаулар, талантты жастардың музыкалық сыйлықтары, қазақша күрес палуандарының, «Газель» шағын автобусын арқанмен сүйреген богатырлық күш иесі Руслан Ибраевтың өнер көрсетулері, стадионның жасыл алаңында құрылымдық бөлімшелер командаларының арасындағы қазақтың ұлттық-спорттық ойындары және тағы басқалар мерекелік көңіл-күй сыйлады. Арқан тарту бойынша жарыста Богатырь жүк тиеу-көліктік басқармасының жасақтарына тең келетіндер болмады, екінші орынды «Богатырь» кенішінің командасы жеңіп алды, үшінші орынға технологиялық көлік Басқармасының командасы ие болды.
Көпшілік серуенінің нағыз ең жоғарғы шегі мерекелік лотерея болды. «Богатырь Көмір» ЖШС ұйымдастырушылармен қатар сыйлықтардың жартысын серіктес компаниялар берді. Барлығы 300 бағалы сыйлық ойналды: теледидарлар, қысқа толқынды пештер, мультипісіргіштер және басқа да көптеген тұрмыстық техникалар. Екі адамға Түркияға жолдаманы «Қазақстан Халық Банкі» АҚ берді. Бас жүлде үш «Лада» автомобилінің бақытты иегерлері болып табылғандар: Қаныбек Масанбаев, «Богатырь Көмір» ЖШС автобаза жүргізушісі, Ғариффула Олжабаев, «Богатырь Көмір» ЖШС автобаза механигі, Лаура Бакишева, «Богатырь Көмір» ЖШС қаржы дирекциясының жетекші экономисі.
Қанат АЛДАБАЕВ
Суретті түсірген Олег МАЛЬЧУК.