Ведомстволық наградалар алды

24.08.2017

Шахтер Күні қарсаңында «Богатырь Көмір» ЖШС мәжіліс залында салтанатты шара өтті. Бұл күні Компанияның атқарушы аппаратымен құрылымдық бөлімшелерінің  ведомстволық наградалармен аталған қызметкерлері атына адал еңбегі үшін алғыспен жүрек жарды тілектер айтылды. Алғыс айту белгісін табыс ете отыра, «Богатырь Көмір» ЖШС директоры Серік Раипов биылғы мерекенің рухын ерекше атап өтті: 

 -  Құрметті әріптестер! Сіздерді біздің кәсіби мерекеміз –Шахтер Күнімен құттықтаймын. Биылғы жыл– 70 жыл бұрын алғаш рет Шахтер Күні  мерекесі бекітілген  тағы бір оқиғаны ескерсек, біз үшін ерекше болғалы тұр. Барлықтарыңызға және біздің барлық ұжымымызға жаңа еңбек жетістіктерін тілеймін. Біздің көмір шығаратын кен орындарымыздың қорлары ешқөашан таусылмасын және тиімді пайдалансын. Әрқашан сіздердің үйлеріңізден жылу мен жайлылық кетпесін. Мерекелеріңізбен! 

Шахтер Күніне орай 3-ші дәрежелі «Шахтер даңқы» төсбелгісін алғандар: құқықтық басқарманың бөлім бастығы Евгений Неверов, қаржы дирекциясының бөлім бастығының орынбасары Ляйля Семыкина, бас бухгалтердің орынбасары Анна Иванова, еңбекті және еңбек ақыны ұйымдастыру бөлімінің сектор бастығы Елена Воротеляк, «Богатырь Көмір» ЖШС атқарушы директоры, Қайрат Рғайбек, Серіктестіктің коммерциялық директоры Асқар Сәрсенбай. 2-ші дәрежелі «Еңбек даңқы» белгісіне ие болғандар – оқыту-курстық комбинатының сектор бастығы Ирина Пушкина, ақпараттық технологиялар бөлімінің менеджері Виктор Гонтарь, қаржы дирекциясының сектор бастығы Евгения Гостищева, коммерциялық директордың орынбасары Шынар Болпақова,  сату және көмір нарығы бойынша дирекциясының жүк қызметінің жүк және багажды қабылдап-тапсырушысы Татьяна Кулагина, сату және көмір нарығы бойынша дирекциясының маркетинг және сату бөлімінің бас маманы Татьяна Дорошенко, құрамды басқару бөлімінің сектор бастығы Оксана Новикова. 1-ші дәрежелі «Еңбек даңқы» белгісін төс кеудесіне таққандар – жеке құрам және әлеуметтік саясат жөніндегі директордың орынбасары Наталья Трофимова.   3-ші дәрежелі «Шахтер даңқы» белгісімен: автобаза директоры Бауыржан Мендекин, арнайы колоннаның автомобиль жүргізушісі Андрей Геркус, сату және көмір нарығы бойынша дирекциясының жүк қызметінің жүк және багажды қабылдап-тапсырушысы Жанар Касьянова; 2-ші дәрежелі «Шахтер даңқы» белгісімен: - күрделі жөндеу жөніндегі директор Василий Шейко, сату және көмір нарығы бойынша дирекциясының жүк қызметінің жүк және багажды қабылдап-тапсырушысы Зульфия Карпенко наградталды.

Кәсіподақ бірлестігі атынан  барлық наградаға ие болғандарды және салтанатты шараға қатысушыларды «Богатырь Көмір» ЖШС кәсіподақ комитетінің төрағасы  Қайрула Туратаев құттықтады.

Қанат АЛДАБАЕВ

Суретті түсірген Олег МАЛЬЧУК

 

Жаңалықтар тізіміне оралу