Үлгі көрсетті

31.05.2017

Өткен жұмада «Богатырь Көмір» ЖШС қазақ тілі курсын  аяқтағаны  жөнінде сертификаттарды салтанатты түрде табыстаудың жыл сайынғы рәсімі өтті.

Мемлекеттік тілді үйрену бойынша курстарды табысты аяқтағаны жөнінде куәлікті биылғы жылы «Богатырь Көмір» серіктестігінің 61 қызметкері алды. Курс тыңдармандарын оқу жылының табысты аяқтағандарымен кәсіпорын әкімшілігі атынан, бас директордың орынбасары –өндіріс жөніндегі директор Сергей Платонов құттықтады:

- Мемлекеттік тілді білу мемлекеттік сәйкестендірудің аса маңызды элементтерінің бірі болып табылады. Белгілі болғандай, Қазақстан жыл сайын мемлекеттік құру мәселесінде өз позициясын нығайтуда. Біздің компанияда кәсіпорын қызметкерлерімен қазақ тілін үйрену бойынша жұмыстар 2013 жылдан тұрақты негізде жүргізіліп келеді. Бүгін қазақ тілін үйрену бойынша курсты ойдағыдай аяқтағаны жөнінде сертификатты серіктестіктің 61 қызметкері алады. Шын жүректен сіздерді  мемлекеттік тілді біліп-үйрену жөнінде емтиханды сәтті тапсырғандарыңызбен  құттықтаймын.  Сіздерге денсаулық, бақыт, жақсылық және қазақ тілін әрі қарай табысты  меңгерулеріңізді тілеймін.    

Айтылған құттықтау сөзге «Богатырь Көмір» ЖШС кәсіподақ комитетінің төрағасы Қайрулла Торетаев және Екібастұз қаласы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің қоғаммен жұмыс бойынша әдіскері Виктория Камалетдинова қосылды.

«Богатырь Көмір» ЖШС әкімшілігі қызметкерлерді қазақ тілін жетік меңгерудегі талпынысын ынталандыра отырып, сертификатпен қатар қазақ тілін үйрену курсының әр тыңдарманына ақшалай сыйлықақы табыс етті.

Артем Сычуговтың, Дархан Толеубаевтың, Анастасия Чирвинскийдің, сонымен қатар Глинка атындағы музыка мектебінің тәрбиеленушісі, қалалық және республикалық байқаулардың жүлдегері Анастасия Захарованың орындауларындағы концерттік номірлер мерекелік іс-шараның көркіне айналды.

Қанат АЛДАБАЕВ

Суретті түсірген Олег МАЛЬЧУК. 

Жаңалықтар тізіміне оралу