Адамдардың жүрегі мен жадында

18.05.2017

Ұлы мереке – Жеңіс күні қарсаңында «Богатырь Көмір» ЖШС-нің спорттық-сауықтыру кешенінің базасында спорттық қозғалыстарды талантты ұйымдастырушы, кешеннің құрылуына бастамашы болғандардың бірі Александр Николаевич Богураевты еске алуға арналған шағын-футбол бойынша ашық турнир өтті.  

Богураевты еске алатын өңірлік турнир биылғы жылы жеті футбол жасағын жинады. Жергілікті ардагерлер және Екібастұз футбол командаларымен қатар оған Павлодар және Майқайыннан келген қонақтар да қатысты. Іс-шара салтанатты түрде ашылды. Қатысушылар мен қонақтарды «Богатырь Көмір» ЖШС кәсіподақ комитетінің төрағасы Қайролла Тұратаев құттықтады, ал отбасының атынан Александр Николаевтың жұбайы Любовь Гавриловна Богураева сөз сөйледі. Қаламыздың ардагері Самат Рамазанов жолдасын сағынышпен еске алды:                                                    

 - Мен Александр Николаевичпен  бірнеше жыл қызмет еттім. Ол спорт бойынша  қарапайым әдіскер болып жүргеннің өзінде сөздерімен және істерімен адам жүрегіне жол таба білді, оларға спорт әлеміне басқаша көзқараспен қарауды үйретті. Александр Николаевич спорттың ізгі идеясының төңірегіне біріктіре білетін адамдардың қатарынан еді. Біздің қаламыздағы жаппай спортты дамыту үшін бұл адамның жасаған жақсылықтары туралы көптеген жылы сөздер айтуға болады. Солардың ішіндегі ең маңыздысы құрылысын өзі бастаған спорттық-сауықтыру кешені екендігін айта кету қажет. Сол себепті осы тамаша адамның есімін аталмыш кешенге бергеніміз жөн деп санаймын.

Айтылған ұсынысты еңбегі сіңген кенші, екібастұз футболының ардагері Манат Сыздықов қолдап, сөз сөйледі.

Турнирдің ашылуы «Богатырь Көмір» командасы мен «Легенда» екібастұз футболының ардагерлер командасының кездесуімен басталды. Жекпе-жек өте көріністі және қызықты болды. Ойынға берілген 20 минут қас-қағым сәтте өте шықты, оның ішіне барлығы кірді: іске аспаған гол соғу сәттері, қақпаның жақтауына соғылу, сары карточка – ымырасыз ойынның даусыз белгісі.  Кездесу «Богатырь Көмір» командасының «3:0» есебіндегі жеңісімен аяқталды. Қатар ойында «Металлург» (Майқайын) және «Жастар» (Екібастұз) командалары бақ сынасты. Бұл кездесуде бір ғана доп кіргізумен металлургтер жеңіске жетті. Турнирдің басқа да ойындары өте қызықты өтті.

Сонда да … Ойынның нақты сындарлы сызбасы мен «Мурат» ФК павлодарлық команданың шебер өзара әрекеттестігінің арқасында А.Н.Богураевты еске алу турнирінде олар жеңіске жетті. Сонымен қатар екі ауыспалы кубок оларға берілді, біріншісі турнирді ұйымдастырушылардан және «Богатырь Көмір» ЖШС-нің кәсіподақ комитетінен, екіншісі бірінші рет ұсынылып отырған Богураевтар отбасынан.   Турнирге қатысқандардың барлығына дипломдар мен ақшалай сыйлықтар берілді: екінші орын алған «Жетпіс» командасы (Екібастұз), үшінші орын «Богатырь Көмір» командасы. Турнирдің жаңалығы болып ерекшеленген ойыншыларға номинация беру саналды: «Үздік қорғаушы», «Үздік шабуылшы», «Үздік қақпашы». Барлық қатысушыларға арнайы ескерткіш мүсіншелер мен дипломдар әзірленді. Бұдан басқа биылғы жылдан бастап ұйымдастырушылар екібастұз футболы ардагерлерінің жетістіктерін жеке атап өтуді шешті, сол себепті арнайы номинация құрды.    

Қанат АЛДАБАЕВ                                                                                                                      суретті түсірген Олег МАЛЬЧУК. 

Жаңалықтар тізіміне оралу