Меркелік көңіл – күй сыйлады
28.03.2017
Көктемнің басты мерекелерінің бірі 8 наурыз халықаралық әйелдер күні «Богатырь Көмір» ЖШСнің арулары салтанатты түрде қошеметке бөленді. Нәзік жандыларды кәсіпорын ұжымының ер - азаматтары атынан «Богатырь Көмір» ЖШС бас директоры Серік Раипов құттықтады.
- Қымбаты ханымдар мен арулар! Көктемнің осы шуақты мерекесімен құттықтауға рұқсат етіңіздер! Арқашан осындай көрікті де сұлу болып жүре беріңіздер. Ер – азаматтарыңыз әрдайым сіздерге қорған болып, алақандарында аяласын.
Құттықтау сөздерге «Богатырь Көмір» ЖШС кәсіподақ ұйымының төрағасы Қайролла Тұратаев, «Богатырь Көмір» ЖШС атқарушы директоры Қайрат Рғайбек және серіктестіктің бас энергетигі Нұрлыбек Жұматаев қосылды.
8 наурыз халықаралық әйелдер күні мерекесіне орай кәсіпорын қызметінің дамуына қосқан үлесі және атқарған қызметі үшін келесі қызметкерлерге Алғыс хат табысталды: «Богатырь Көмір» ЖШС бас бухгалтерінің орынбасары Анна Ивановаға, техникалық дирекциясының жетекші инженері Наталья Васильеваға, ЖКД -2 кран машинисті Татьяна Шкорутаға, ӘТК -2 өндірістік монша жұмыскері – Наталье Кудайкуловаға, қопару жұмыстар бойынша инженер Надежда Сгибневаға, ӘТК -1 мастері Зауреш Аскаповаға, қоғамдық тамақтану комбинаты асханасының меңгерушісі Людмила Барановаға, еңбек және еңбекақыны ұйымдастыру бөлімінің сектор басшысы Наталья Кудайкуловаға, тау кен жабдықтарын жөндеу зауытының өндірістік қызметі бойынша инженер Нұрсауле Макароваға, «Богатырская» станциясының операторы Гүлдана Молдабековаға, ӘТК Автобазасының мастері Ляззат Смаковаға, ӘДБ бас маманы Зульфия Оспанова және тағы басқаларына.
Көтеріңкі көңіл күй және нағыз мерекелік шаттықты сыйлаған бас энергик қызметінің қызметкерлері болды. Ән – шашу ретінде қыз –келіншектерге арналған әйгілі, әсем әндерді қазақ және орыс тілдерінде орындап берді. Домбырада орындалған қазақ даласының танымал туындылары ерекше көңіл күй сыйлады.
Канат АЛДАБАЕВ
Фото Олег МАЛЬЧУКТІКІ.