Жылдамырақ, биігірек, күштірек!

28.03.2017

 «Богатырь Көмір» ЖШС құрылымдық бөлімшелерінің командалары арасында  жексенбі күні компанияның спорттық – сауықтандыру кешенінде  «Көңілді старт» өткізілді. Жарыс 8 наурыз халықаралық әйелдер күніне арналды.

Жарыстың шарты бойынша әр командада алты әйел адам және бір капитан ер адам болды. Құрылымдық бөлімшелерден команда саны шектелген жоқ. Эстафетаға қалағандардың бәрі қатыса алды. Тек бір ғана шарт қойылды ол – медициналық  қарсылық болмауы керек.

Жарысқа қатысушылар алдында «Богатырь Көмір» ЖШС қызметкерлер құрамы мен әлеуметтік саясат жөніндегі директор Нурлан Мукулов сөз сөйлеп, құттықтады:

Баршаңызды қыстың аяқталуымен, көктемнің жайма шуақ күндерінің басталуымен құттықтаймын.   Компания басшылығының атынан баршаңызға бақыт, молшылық пен береке тілеймін. Мықтылар жеңіске жетсін!

Әріптестерін компания кәсіподақ төрағасы Қайрулла Туратаев құттықтады:

– Жарыс дәстүрлі. Біздің көктемгі марафон осы жарыстан басталады. Барлықтарыңызға зор денсаулық, жақсылық тілеймін. Жеңіске тек мықтылар жетсін. 

Біріншілікке алты команда таласты. Олардың қатарында: «Максимум» (Теміржол жабдықтарын жөндеу бойынша басқармасы), «Банда» («Богатырь» кеніші), «Қыздар.kz» (тау кен жабдықтарын жөндеу зауыты-1), «Апельсин» (тау кен жабдықтарын жөндеу зауыты-2), «Великолепная шестерка и Славян» (Богатырь жүк тиеу-көліктік басқармасы).  Сонымен қатар, тұңғыш рет жарысқа Қосым Пшенбаев атындағы  тау-кен техникалық колледжінің студенттері қатысты. Болашақ  кеншілер «Форсаж» командасын құрады.

Жеңіс жолында эстафета қатысушыларына жеті кезеңді өтуге тура келді. Олар: «Сәлемдесу», «Пима», «Үңгір», «Горыныч жыланы», «Тілек ағашы», «Дартс» және «Таяқшадан секіру».

Тартымды сайыс нәтижесі бойынша, бесінші орында ТКТК студенттері, төртінші орында  тау кен жабдықтарын жөндеу зауыты -2 командасы мен теміржол жабдықтарын жөндеу бойынша басқармасы командасы, үздік үштікті «Богатырь» кенішінің командасы тұйықтап, күміс жүлдеге тау кен жабдықтарын жөндеу зауыты -1 командасы ие болса, жарыстың үздігі - Богатырь жүк тиеу-көліктік басқармасысының командасы болып, бас жүлдені иеленді.

Жеңімпаздар мен қатысушылар ұйымдастырушылар тарапынан құрмет грамоталарымен ақшалай сыйлыққа ие болды.  Жеңімпаздар мен қатысушыларға Сергей Захаров, Азамат Оздоев, Нелли Штрауб және  «Северное сияние» триосы  ән – шашуын тарту етті. 

Д.САГНАЕВ.

Сурет Олег МАЛЬЧУКТІКІ

Жаңалықтар тізіміне оралу