Спорттық Богатырь

27.02.2017

Спорттық Богатырь

Спортта да бірінші

   «Богатырь Көмір» компаниясында жаппай спортты дамытуға көп көңіл бөлінеді. Бұған әртүрлі деңгейдегі жарыстардан алған кеншілердің көптеген жеңістері куә болады.

            Богатырлықтар үшін жылдың басындағы спорттық іс-шаралар оқиғаға толы болды. 21 қаңтардан 20 ақпан аралығында ТКЖЖ зауытында және «Богатырь Көмір» ЖШС-ның спорттық – сауықтыру кешенінің аренасында өткен волейбол бойынша жарыстар спорт сүйгіштер үшін нағыз мереке болды. Волейбол алаңындағы жарыстарға компанияның құрылымдық бөлімшелерінің командалары қатысты. Олардың барлығы регламентке сәйкес екі лигаға бөлінді. Командалардың лигаға түсулері өткен маусымның қорытындысына байланысты болды. Бірінші лиганың құрамына өткен маусымның төрт жүлдегері енді, ал команданың атақты квартетіне өтпегендер екінші лигада қалды. Турнирлік қарсылықтың қорытындысы бойынша бірінші лиганың үштік жеңісін құрағандар: ТКЖЖ зауытының ЦРПС командасы (команда капитаны – И.Завгородний), БЖКБ «Октябрская» ЖҚД командасы (команда капитаны – М.Қалиманов), БЖКБ «Эксплуатация» ЖҚД командасы (команда капитаны – А.Трухин). Екінші лиганың жеңімпаздары: Бас энергетик қызметінің командасы (команда капитаны – Н.Жұматаев), ТЖЖЖБ «Богатырская» ЖҚД командасы (команда капитаны – Р.Иманғалиев), «Богатырь» кеніші ПТО-1 командасы (команда капитаны – С. Саломахин).

            «Богатырь Көмір» ЖШС спорттық-сауықтыру кешенінің стадионында 11 ақпан күні өткен қысқы президенттік көпсайыстар бойынша жарыстар да қызықты өтті. Жеңіске жетудегі табандылық пен қайсарлықты жеке біріншіліктің барлық қатысушылары көрсетті. Бірақ жарыстың аты жарыс болғандықтан ең күштілері ғана жеңімпаз атанды.

            18 жастан  29 жас санатындағы жарыста жеңіске жеткендер: Қанат Қалиханов, Светлана Афанасенко (1-орын); Сергей Баранов, Айжарық Хуанған (2-орын); Манас Жұмабеков (3-орын). 30 жастан 39 жас санатындағы жарыста: Юрий Воробьев, Ольга Шерешова (1-орын); Бауржан Аубакиров, Евгения Ваганова (2-орын); Анатолий Иванов, Әсел Каримтаева (3-орын). 40 жастан 49 жас арасындағы: Галымжан Макишев, Светлана Задорина (1-орын); Бахтияр Мендыбаев, Күләш Нағметова (2-орын); Ербол Баймұхаметов, Елена Цымбал (3-орын. 50 және одан жоғары жас санатындағы: Тахир Ильясов, Елена Нападовская (1-орын); Өмірбай Құдайқұлов, Валентина Муллина (2-орын); Қаныбек Масақбаев, Сара Прокофьева (3-орын).

            Ал 18 ақпанда жеңімпаздардың кейбіреулері қаланың кәсіпорындары мен ұйымдарының арасындағы  VII кешенді Спартакиада есебінде президенттік көпжарыс жарыстарында өз кәсіпорнының намысын қорғады. Әр спортшының тырысулары мен шеберліктерінің арқасында «Богатырь Көмір» ЖШС-нің командасы чемпиондық титулды жеңіп алды және оларға тең келетіндердің жоқтығын тағы дәлелдеді. Жеке есепте де богатырлықтар үздік нәтижелерге қол жеткізді: Елена Нападовская (1-орын), Ольга Шерешова  (1-орын), Светлана Задорина (2-орын),  Валентина Муллина (2-орын),  Қанат Қалиханов  (1-орын), Сергей Баранов  (3-орын), Тахир Ильясов  (1-орын),  Ғалымжан  Макишев (1-орын).

            Келесі күні қалалық шаңғы жарыстарына да богатырлықтар ойдағыдай қатысты. Жалпы алғанда «Богатырь Көмір» командасының қанжығасына үш алтынды, екі күміс пен бір қоланы О.Шерешова, С.Задорина, Қ.Қалиханов, Т.Ильясов, Е.Нападоская, Қ.Масақбаев байлады.

            Спорттың қысқы түрлері бойынша жарыстарды 19 ақпанда Шешембеков көшесіндегі мұз айдынында өткен әйелдер мен ерлер арасындағы конькимен жүгіру бойынша «Богатырь Көмір» ЖШС-нің жеке біріншілігі жалғастырды. Жеңімпаздар үштігі әр жастық санатта анықталды. 18-жастан 30 жас аралығындағы құрмет тұғырына көтерілгендер: Ирина Квасова, Мырзабек Шолпанов (1 орын); Нұрсәуле Макарова, Руслан Календеров (2-орын); Әйгерім Жұмадилова, Әділет Қайырбай (3-орын). 31 жастан 44 жас аралығында - Гүлдана Жихарева, Павел Баранов (1-орын); Ольга Шерешова, Нұрлан Мұкашев (2-орын); Светлана Задорина, Михаил Мойса (3-орын). 45 жас және одан жоғары санаттағыларға - Елена Нападовская, Нұрлан Аяғанов (1-орын); Федор Подвиженко (2-орын); Мұхтархан Мұсабаев, Анатолий Хамидуллин (3-орын).

            Былғары доп шеберлері – жазғы спорт түрінің өкілдері үшін демалыс күндері өткен жарыстар табысты болды. 18 ақпанда «Богатырь» құрама командасы (команда капитаны – А.Петров) ардагерлер арасындағы шағын-футбол бойынша қала чемпионатының кезекті турында 5:1 есебімен жеңіске жетті.

Шағын-футбол (І-лига) бойынша қала чемпионатының кезекті турының аясында «Богатырь» командасының негізгі командасы да ерекшеленді. Жексенбілік жарыста «Богатырь – 1» (команда капитаны – Д.Минаков) «Богатырь Секьюрити» командасын 9:4 есебімен ұтып алды, олардың батыл бастамасын «Богатырь-2» екінші командасының футболшылары (команда капитаны – С.Махамбеков) «Промсервис Отан» командасын 4:2 есебімен жеңіп алып қостады.

             Жарыстың барлық жеңімпаздары мен жүлдегерлері тиісті дәрежелі дипломдармен және естелік сыйлықтармен марапатталды.

Қанат АЛДАБАЕВ

Суретті түсірген Олег МАЛЬЧУК.

Жаңалықтар тізіміне оралу