Тарихи серіктестер
06.11.2026
«Неміс кәсіпорындары – біздің тарихи серіктестеріміз. Біздің кеніштерде олар дайындап шығарған роторлы экскаваторлар бірнеше ондаған жылдар бойы үздіксіз жұмыс істеп келеді. Бұдан басқа, бүгінде де қарым-қатынасымызды үзбей келеміз. Толассыз технологиялық кешен соның арқасында дүниеге келіп, көмірді конвейер арқылы бірден теміржол вагондарына артуға мүмкіндік беруде», – деп атап өтті «Богатырь Көмір» ЖШС бас директорының өндіріс жөніндегі орынбасары Сергей Усик неміс компанияларының өкілдерімен кездесуде.
Бұл кездесуге мұрындық болған – Қазақстан Республикасындағы Германия Федеративтік Республикасының елшілігі. Делегацияны Елшінің тұрақты көмекшісі Ульрих Кинне мырза бастап келді. Неміс делегациясының компаниямызға келудегі мақсаты – өзара тиімді әріптестікті дамыту.
Делегация құрамында түрлі жабдықтарды, сүзгі техникасын жеткізуші және логистикалық компаниялардың өкілдері болды.
«Олар ұсынып отырған технологиялар сіздердің кәсіпорындарыңыздың дамуына үлес қосады деп ойлаймын», – деп атап өтті Ульрих Кинне.
Күзгі-қысқы кезеңде тұтынушыларға тәулігіне 33 бағыт бойынша көмір тиелген теміржол құрамдары жөнелтілетіні туралы ақпарат неміс делегациясының ерекше қызығушылығын тудырды. Кездесу барысында қонақтар бірқатар сауалдарын қойып, өздерін толғандырған мәселелер бойынша жан-жақты жауап алды.





















