Суперфинал!
21.02.2026
Бүгін спорттық-сауықтыру кешенінде құрылымдық бөлімшелер арасындағы волейбол жарысының жеңімпаздары бас қосып, «Богатырь Көмір» ЖШС-нің ең үздік командасын анықтады.
Бұл волейболшылар – жұмыс пен спортты қатар алып жүрген нағыз шеберлер. Олардың арасында түнгі ауысымнан тікелей волейбол алаңшасына келгендер де болды, бірақ бұл жоғары деңгейдегі ойын өрнегін көрсетуге еш кедергі болмады.
Допты шеберлікпен ойынға қосу, қабылдау техникасы және биік тосқауылдар – суперфиналда кеншілеріміз нағыз кәсібилік танытты.
Әр ұжым жеңіске лайықты өнер көрсеткенімен, жүлделі орындар келесідей бөлінді:
1 орын: Технологиялық көлік басқармасы;
2 орын: «Ударная» станциясы (БЖКБ);
3 орын: Кешенді толассыз технология («Богатырь» кеніші).
Жеңімпаздар мен жүлдегерлерді шын жүректен құттықтаймыз!
Сондай-ақ, әйелдер қауымын 1 наурыз күні өтетін Халықаралық әйелдер күніне арналған «Көңілді старт» жарысына қатысуға шақырамыз. Ерлер қауымы, қыздарымызға қолдау көрсетіп, жанкүйер болуға келіңіздер!























