Жеңіске деген жол

09.02.2026

«Достар» лигасы аясында Павлодар облысының шағын футбол командалары арасында Екібастұз қаласының чемпионаты 16 қаңтар мен 8 ақпан аралығында өтті.

Жарысқа қатысуға ниет білдірген 9 команданың қатарында «Богатырь Көмір» ЖШС-нің шағын футбол командасы да болды.

Бұл додаға аяқдопшыларымызды Тимур Шаланов пен Серік Махабеков дайындады.

Чемпионат барысында командалар 8 тур өткізді. Кеншілер командасы 7 ойында жеңіске жетіп, бір кездесуде тең нәтижеге қол жеткізіп, турнирді бірде-бір жеңіліссіз аяқтады. Нәтижесінде чемпиондық атақты иеленіп, «Достар» шағын футбол лигасының кубогын жеңіп алды.

Сонымен қатар ойыншыларымыз Анатолий Бородин мен Анвар Зейнулин жекелеген турлардың үздік ойыншылары атанса, Аман Байтенов чемпионаттың үздік ойыншысы деп танылды.

«Богатырь Көмір» командасын жарқын жеңістерімен шын жүректен құттықтаймыз! Алдағы уақытта да толағай табыстар мен жеңісті ойындар көп болсын!


Жаңалықтар тізіміне оралу