Спартакиада жүлдегері
09.02.2026
Астана қаласында 7-8 ақпан күндері «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ компаниялары тобының ІІ қысқы Спартакиадасы өтті. Биыл оған қор құрамындағы 20 компанияның командалары қатысты.
Жарыстар Италиядағы Олимпиада ойындарында ел намысын қорғап жүрген қазақстандық спортшыларды қолдау аясында өтті. Қор қызметкерлері арасындағы командалық рухты нығайту және салауатты өмір салтын насихаттауды көздеген қысқы спартакиадаға «Самұрық-Энерго» АҚ командасының құрамында «Богатырь Көмір» ЖШС- қызметкерлері де қатысты.
Олардың барлығы Samruk Ski Race шаңғы жарысында өз бақтарын сынады. Солардың ішінде 51 мен 60 жас аралығындағы ерлер арасында 2,5 км қашықтықта жарысқа түскен БЖКБ «Богатырская» станциясының пойыз құрастырушысы Бақтияр Меңдібаев үшінші болып мәреге жетті.
Сонымен бірге БЖКБ «Эксплуатация» ЖҚД-ның тартушы агрегат машинисінің көмекшісі Ғалымжан Макишев пен КҚД жөндеу-құрылыс жұмыстары учаскесінің сылақшысы Валентина Муллина өз жастары аралықтарында 4 орынға қанағаттанды.
Бақтияр Меңдібаевты қола жүлдесімен құттықтаймыз, басқа әріптестерімізге алдағы жарыстарына сәттілік тілейміз.


















