Жаңа стиль
09.02.2026
«Богатырь Көмір» компаниясында Екібастұздың күрт континентальды климатына – ұзаққа созылатын қатал аязға, екпінді жел мен температураның құбылмалылығына бейімделген заманауи арнайы киімдерді таңдау жұмыстары жалғасуда.
Бүгін кезекті отандық өндіруші нақты еңбек жағдайлары мен қауіпсіздік талаптары ескеріле отырып әзірленген қысқы киім жиынтығының үш нұсқасын таныстырды.
Құрылымдық бөлімшелер мен кәсіподақ ұйымдарының өкілдері үлгілермен мұқият танысып, олардың құрылымдық шешімдерін, пайдалануға қолайлылығы мен материалдардың сапасын бағалады. Өндіруші үлгілердің ерекшеліктері туралы егжей-тегжейлі айтып берді: барлық үш жиынтық жұмыс кезінде қосымша қорғаныс пен жайлылықты қамтамасыз ететін комбинезондардан тұрады, ал біреуі маусымаралық кезеңде бөлек киюге болатын алынбалы бомбермен жабдықталған.
Тапсырыс берушінің талаптарына сәйкес, мата құрамының негізгі үлесін ұзақ уақыт киіп жүруге төзімділік пен ыңғайлылықты қамтамасыз ететін мақта-мата материалы құрайды. Қажет болған жағдайда, компанияның қалауына қарай дизайнға жекелеген түзетулер енгізуге болатыны айтылды.
Ұсынылған арнайы киім үлгілері тәжірибелік-өнеркәсіптік сынақтан өткізуге жіберіледі. Бұған қоса, бұйымдардың пайдалану сипаттамалары мен материалдардың беріктігі сақталатынына көз жеткізу үшін оларды жуу және кептіру циклдарынан кейін қосымша тексеру жоспарланған.

































