Тартысты дода
07.02.2026
Бүгін «Богатырь Көмір» ЖШС-нің спорттық-сауықтыру кешенінде құрылымдық бөлімшелерінің учаскелері арасындағы волейбол жарыстары жалғасын тапты. Осы демалыс күндері алаңда «Богатырь» кеніші командалары кездесті.
Жігерлі де жалынды жас ойыншылар, тамаша доп беру сәттері, теңдесіз шабуылдар мен спортшылардың шынайы эмоциясы жарысты бұрынғыдан да тартымды әрі қызықты етті.
Ең тартысты кездесу КТТ мен Северный кешені командалары арасында өтті. Қарсыластар бір-біріне лайықты қарсылық көрсетіп, есеп айырмасы көбіне бір ғана ұпайды құрады. Тең аяқталған екі партиядан кейін командалар қосымша партияға шығып, онда да ұзақ уақыт бойы бір-біріне есе жібермеді. Тек ойынның соңына қарай КТТ командасы жеңісті жұлып алып, бүгінгі жарыс қатысушылары арасында бірінші орынды иеленді. Екінші орын – Северный кешені командасына бұйырды. Үшінші орынды ТЖЖЦ спортшылары еншіледі.
Жарыс нағыз спорт мерекесіне, командалық рух пен салауатты бәсекенің жарқын көрінісіне айналды. Бұл тағы да «Богатырь» кеніші қызметкерлері өндірісте бірге еңбек етіп, спорт алаңында бірге жеңіске жете алатынын көрсетті.




























