Дәр кезінде көрсетілген жәрдем

06.02.2026

ТКЖЖ зауытына 37 жыл ғұмырын арнаған еңбек ардагері, «Еңбек даңқы» белгісінің толық иегері Татьяна Михайловна Островлянчиктің пәтерінде орын алған өрттен кейін жөндеу жұмыстары басталғаны туралы біз 2025 жылдың соңында хабарлаған болатынбыз. Ардагер өз қиыншылығымен жалғыз қалған жоқ.

Оған «Богатырь Көмір» ЖШС, кәсіпорындағы «AMANAT» партиясының бастауыш партия ұйымы, «Богатырь Көмір» корпоративтік қоры және кәсіподақ ұйымы жан-жақты қолдау көрсетті.

Кәсіпорынның Энергиямен жабдықтау дирекциясының қызметкерлері жанып кеткен пәтердегі барлық электр сымдарын, қосқыштар мен розеткаларды толықтай жаңартты. Күрделі құрылыс дирекциясының сылақшылары әрлеу жұмыстарын жүргізсе, ал Татьяна Михайловна ұзақ жылдар бойы еңбек етіп, зейнеткерлікке шыққан ТКЖЖ зауытының ұжымы өрттен қалған қоқыстарды шығаруға және пәтерді тазалауға көмектесті.

Жөндеу жұмыстары басталған кезде бастауыш партия ұйымының төрағасы Серік Саттаров барлық жұмыстарды бір айдың ішінде аяқтауға уәде берген еді. Айтылған уәде толық орындалып, қаңтар айының соңында жөндеу жұмыстары толығымен аяқталды. Қазір Татьяна Михайловна бір аптадан бері өз шаңырағына қайта оралып, жарық әрі жайлы пәтерінде алаңсыз өмір сүріп жатыр.

Осы орайда ол қол ұшын созып, материалдық әрі моральдық қолдау көрсеткен барлық азаматтарға, сондай-ақ жөндеу жұмыстарын жүргізген электриктер мен сылақшыларға шынайы ризашылығын білдіріп, үлкен алғысын айтты.


Жаңалықтар тізіміне оралу