Заң мен тәртіп

05.02.2026

Бүгін «Богатырь Көмір» ЖШС қызметкерлерімен мемлекеттік орган өкілдерінің кездесуі өтті.

Екібастұз қаласының прокуроры Қанат Атығаев «Заң мен тәртіп» тұжырымдамасы аясында атқарылып жатқан жұмыстармен таныстырды. Атап айтқанда, есірткі қылмысы, алаяқтық, сталкинг, дропперлікпен күрес және жалпы қылмыстың алдын алу шаралары туралы кеншілерге ақпарат берілді.

Қазіргі таңда интернет-алаяқтықтың өршіп тұрғаны белгілі. Алданғандардың арасында біздің әріптестеріміз де бар. Мәселен, өткен жылы қызметкерлердің бірі алаяқтарға 3 млн теңгесін аударып, қаржысынан айырылған.

Павлодар облысы бойынша Мемлекеттік еңбек инспекциясы департаментінің басшысы Асқар Қапанов «Богатырь Көмір» ЖШС-де еңбек қатынастары бойынша айтарлықтай мәселе жоқ екенін, дегенмен жазатайым оқиғалар орын алып тұратынын атап өтті. Сондықтан олардың алдын алу үшін әрбір қызметкердің қауіпсіздік талаптарына мұқият қарауы керектігі айтылды.


Жаңалықтар тізіміне оралу