Сындарлы әңгіме

29.01.2026

29 қаңтарда «Богатырь Көмір» ЖШС-нің бас директоры Евгений Мастернак Энергиямен жабдықтау және Күрделі құрылыс дирекцияларының қызметкерлерімен кездесіп, сындарлы әңгіме өткізді.

Кездесу «Южная» станциясында өтті. Жиын барысында Евгений Анатольевич мұндағы қызметкерлерге арналған жуыну орындарының деңгейі жоғары екенін атап өтіп, алдағы бес жыл ішінде кәсіпорындағы барлық жуыну орындарын осы стандартқа сай жаңарту қажеттігін жеткізді.

Жиында құрылыс және жөндеу жұмыстарымен айналысатын екі дирекцияға төмендегідей міндеттер қойылды:

- қауіпсіздік шараларын сақтау;

- жұмыс сапасын арттыру;

- жоспарланған жобаларды іске асыру;

- тартылатын мердігерлердің жұмысын бақылау.

Сонымен қатар бас директор Энергиямен жабдықтау дирекциясының телекоммуникациялар қызметі мен Күрделі құрылыс дирекциясының темірбетон бұйымдары учаскесінің BPS жүйесін енгізу бағытындағы жұмыстарын жоғары бағалап, өзге бөлімшелерге осы тәжірибеден үлгі алуды ұсынды.

Кездесу барысында қызметкерлер тарапынан сұрақтар қойылып, бірқатар ұсыныстар ортаға салынды. Атап айтқанда, сылақшылар үйреншікті касканың орнына жеңіл қорғаныш каскеткаларын қолдану жөнінде ұсыныс білдірді. Сонымен қатар кейбір жеке қорғаныс құралдарының белгіленген мерзімнен бұрын істен шығатыны, осыған байланысты оларды ауыстыру мерзімін қысқарту жөнінде пікірлер айтылды.

Евгений Мастернак көтерілген мәселелер мен ұсыныстар назарға алынатынын және әрқайсысына кеңейтілген жауап берілетінін атап өтті.


Жаңалықтар тізіміне оралу