Кәсіби бағдар

28.01.2026

«Богатырь Көмір» ЖШС өкілдері №33 орта мектептің жоғары сынып оқушыларымен мазмұнды кездесу өткізді.

Оған кеңесші Серік Зүкенұлы Саттаров, Теміржол жабдықтарын жөндеу дирекциясының бас технологы Сейфулла Хайруллаұлы Турсунбаев және «Богатырь» кенішінің учаскелік маркшейдері Айдана Ерболқызы Баймұхаметова қатысты. Олар оқушыларға еңбек нарығындағы сұранысқа ие мамандықтар, заманауи өндірістің даму бағыттары және техникалық саланы таңдаған жастарға арналған кең мүмкіндіктер туралы егжей-тегжейлі баяндап берді.

Кеншілер өз тәжірибелерімен бөлісіп, жұмыс үдерісінің қалай құрылатынын, кәсіби жолдың неден басталатынын және бүгінгі таңда қандай дағдылардың аса маңызды екенін түсіндірді.

Шараға Қосым Пшенбаев атындағы Екібастұз тау-кен техникалық колледжінің өкілдері де қатысып, мамандықтар, оқуға түсу шарттары және түлектер үшін ашылатын болашақ мүмкіндіктер туралы айтып берді.

Бұндай кездесулер жас ұрпақтың кәсіби бағдарын айқындап, мамандық таңдауда саналы шешім қабылдауына үлкен септігін тигізеді.


Жаңалықтар тізіміне оралу