Арнайы киім таныстырылды

26.01.2026

Бүгін компаниямыздың бас кеңсесінде қазақстандық тігін фабрикаларының бірі «Богатырь Көмір» ЖШС қызметкерлеріне арналған қысқы арнайы киімнің екі нұсқасын таныстырды. Қос және үш қабатты, жел мен суықтан қорғайтын мембраналық жабындысы бар әртүрлі мата түрлерінен тігілген арнайы киім үлгілері ұсынылды.

Кәсіподақ ұйымдары мен Азаматтық қорғаныс және еңбекті қорғау басқармасының өкілдері  бас директор Евгений Мастернактың қатысуымен үлгілерді жан-жақты қарап шықты: материалдардың құрамы, құрылымы, ілмелі жылы астарының болуы, жартылай комбинезондардың ыңғайлылығы, күтім жасауға қатысты ұсынымдар қаралды. Өндірушілердің мәлімдеуінше, костюмдер - 40 °C дейінгі, астарсыз костюмдер -20 °C дейінгі аязға төтеп бере алады. Ал бұл көрсеткішті кеншілер алдағы уақытта өндірістік жағдайда іс жүзінде тексеретін болады.

Нәтижесінде арнайы киім жиынтықтарын тәжірибелік-өнеркәсіптік сынақтан өткізу туралы шешім қабылданды. Арнайы киімдер нақты өндірістік жағдайларда - жылы астарымен де, жылы астарсыз да - пайдаланылатын болады. Сондай-ақ матаның пайдалану барысындағы қасиеттерін бағалау үшін үлгілер жуу сынағынан да өтеді.

«Біздің міндетіміз - өңірдің қатаң климаттық жағдайларына шынымен сай келетін, желден қорғайтын, жылуды сақтайтын және сонымен қатар жұмыс істеуге қолайлы арнайы киімді таңдау», - деп түйіндеді Азаматтық қорғаныс және еңбекті қорғау басқармасының бас маманы Татьяна Дьяконова.

Бұған дейін павлодарлық өндірушінің қысқы арнайы киім үлгілері қарастырылған болатын. Костюмдердің ең үздік нұсқаларын жұмыс уақытының басым бөлігін ашық ауада өткізетін қызметкерлеріміз міндетті түрде сынақтан өткізеді. Олардың арнайы киімнің ыңғайлылығы, практикалық тиімділігі мен қорғаныс қасиеттері туралы пікірі шешуші  болады.


Жаңалықтар тізіміне оралу