Үздік жаңа жылдық безендіру
31.12.2025
Жаңа жыл мерекесі қарсаңында Екібастұз қаласында бизнес пен кәсіпкерлік нысандарын біріктірген «Үздік жаңа жылдық безендіру» атты қалалық байқау өтті.
Байқау барысында бизнес және кәсіпкерлік нысандарының витриналары, кеңселері, ғимараттардың қасбеттері мен кіреберіс топтарының жаңа жылдық безендірілуі бағаланды.
Байқау қорытындысы бойынша «Богатырь Көмір» ЖШС-нің бас кеңсесінің жаңа жылдық безендірілуі жоғары бағаланып, үздіктердің қатарынан көрінді. Осы үшін компания Екібастұз қаласы әкімдігінің Алғыс хатына және 200 мың теңге көлеміндегі сертификатқа ие болды.
Жаңа жыл құтты болсын! Жаңа жыл баршаңызға қуаныш, шабыт пен жаңа жетістіктер әкелсін!




















