Мереке нұрын шашуда!
30.12.2025
Жаңа жыл – жаңа үміт пен жарқын бастамалардың мерекесі! 30 желтоқсан күні жұмысқа келген «Богатырь Көмір» ЖШС қызметкерлерін жаңа жылдық мерекенің басты кейіпкерлері – Аяз ата мен Ақшақар жылы жүзбен қарсы алды.
Мерекеге сай безендірілген шырша, көңілді әуендер мен тәтті сыйлықтар ұжымға ерекше шаттық пен көтеріңкі көңіл күй сыйлады. Жаңа жыл құтты болсын! Әр шаңырақта береке мен қуаныш орнап, әр күніңіз шаттыққа толы болсын. Денсаулықтарыңыз мықты, еңбектеріңіз жемісті болсын!





































