Еңбек ардагеріне көмек

27.12.2025

ТКЖЖ зауытының еңбек ардагері Татьяна Михайловна Островлянчик бүгінгі таңда өзінің бұрынғы әріптестеріне, «Богатырь Көмір» ЖШС басшылығына және компаниямыздағы «AMANAT» партиясының БПҰ-на (бастауыш партия ұйымы) көрсетілген қолдау үшін шынайы ризашылығын білдіруде.

Оқиға 1 қараша күні орын алған. Сол күні жоғары қабаттан аққан судың салдарынан Татьяна Михайловнаның пәтерін су басқан. Ал 2 қарашада электр желісіндегі қысқа тұйықталу нәтижесінде өрт шығып, бұл жағдай тиісті сараптама қорытындысымен ресми түрде расталды.

Аталған жайт туралы ТКЖЖ зауытындағы партия ұяшығының басшысы Алтынбек Салимов дер кезінде хабардар болып, мәселені БПҰ төрағасына жеткізген. Кейін бұл жағдай компания басшылығының да назарына ұсынылды. Бас директордың көмек көрсету жөніндегі шешімінен соң, іске Күрделі құрылыс және Энергиямен жабдықтау дирекцияларының қызметкерлері жұмылдырылды.

Сонымен қатар, Татьяна Михайловна 37 жыл бойы абыройлы еңбек еткен ТКЖЖ зауыты тарапынан да жан-жақты қолдау көрсетілуде.

Аталған мәселені жеке бақылауына алған БПҰ төрағасы Серік Саттаров жөндеу жұмыстарын бір айдың ішінде толық аяқтау жоспарланып отырғанын атап өтті.

Бұдан басқа «Богатырь Көмір» корпоративтік қоры, компаниямыздағы «AMANAT» партиясының БПҰ тарапынан «Еңбек даңқы» белгісінің толық иегері Татьяна Островлянчикке материалдық көмек көрсеткен.

Жаңалықтар тізіміне оралу