Жаңа жылдық қиял-ғажайыптар
24.12.2025
«Богатырь Көмір» ЖШС мен Екібастұз қаласының Балалар көркемсурет мектебін көпжылдық шығармашылық ынтымақтастық байланыстырып келеді.
Жыл сайын қалыптасқан дәстүрге сай, Жаңа жыл мерекесі қарсаңында көркемсурет мектебі шәкірттерінің шығармашылық жұмыстары компанияның бас кеңсесінде көрмеге қойылды.
Аталған көрмеге барлығы 23 жұмыс ұсынылды. Экспозицияда Жаңа жыл тақырыбына, туған өлкенің табиғатына арналған картиналармен қатар, балалардың заманауи технологияларға қызығушылығын көрсететін, бүгінде кең танымал роботтар бейнеленген суреттер де бар.
Кәсіпорын қызметкерлері жас суретшілердің еңбегін жоғары бағалап, олардың шығармашылық ізденісі мен қиялына оң пікір білдіруде. Осы орайда, көрмені ұйымдастыруға атсалысқан барлық жандарға, сондай-ақ картиналардың авторлары – жас суретшілерге шынайы алғысымызды білдіреміз.
Аталмыш көрме 2026 жылдың қаңтар айының ортасына дейін жалғасады деп күтілуде.




















