Балаларға арналған сиқырлы ертегі

23.12.2025

Балалық шақтың ең сүйікті мерекесі – Жаңа жыл жақындап келеді. Терезелерде түрлі-түсті шамдар жанып, қала көшелері мерекелік иллюминация мен ертегі кейіпкерлеріне толы, ал үйлерімізде ерекше сиқырлы ахуал орнаған.

Бүгіннен бастап біздің компания қызметкерлерінің балалары үшін «Өнер» қалалық мәдениет сарайында 23 және 24 желтоқсан күндері өтетін жаңа жылдық таңертеңгіліктер бастау алды. Биыл балалар қойылымды тек көрермен залынан тамашалап қана қоймай, өздері де қызықты оқиғалардың қатысушысына айналуда. Олар өткен және келе жатқан жылдың нышандарымен бірге Аяз ата мен Ақшақарды іздеп, танымал әуендердің ырғағымен билеп, жаңа жылдық шыршаны айнала ән шырқады.


Жаңалықтар тізіміне оралу