Мерейтой құрметіне марапаттар
19.12.2025
2025 жыл «Богатырь Көмір» ЖШС үшін ерекше жыл болды. Ол компанияның басты құрылымдық бөлімшесі «Богатырь» кенішінің 55 жылдығы аясында өтті.
Бұл мерейтойлы жылдың нүктесі 19 желтоқсанда өткізілген мерекелік шарада қойылды. Ол сонымен қатар жаңа жылдық мерекеге де арналды. Кештің құрметті қонағы Екібастұз қаласының әкімі Аян Бейсекин біздің кеншілерімізді құттықтап, жылы лебіздерін білдірді. Сонымен бірге кеніш еңбеккерлерін кәсіпорын бас директоры Евгений Мастернак құттықтап өтті. Осы кеште ол осы күні еңбектерімен көзге түскен кеншілерді абыройлы «Шахтер даңқы» белгісімен марапаттады.
«Богатырь» кенішінің 55 жылдығы құтты болсын! Мерейлі жыл табысты аяқталсын!



































