Ойыншық үшін сыйлық

14.12.2025

Жаңа жыл мерекесі қарсаңында «Богатырь Көмір» ЖШС қызметкерлерінің балалары арасында жаңа жылдық ойыншықтар жасауға арналған шығармашылық байқауы өткізілді.

Байқауға 41 бала қатысуға ниет білдіріп, өз қолдарымен жасаған ерекше ойыншықтарын ұсынды. Әрбір қатысушыға Грамота мен жаңа жылдық тәтті сыйлық табысталды.

Кішкентай шеберлер ойыншықтарын түрлі материалдарды шебер үйлестіре отырып жасаған. Жеті жасар Софья Уткова өз жұмысын таныстыра келіп: «Ойыншықты жасауға анам көмектесті. Біз шағын шар, шырша бұтақшалары, жіптер мен желім қолдандық. Баршаңызды келе жатқан Жаңа жыл мерекесімен құттықтаймын!» – деп ақ тілегін білдірді.

Балалар қиялдарына ерік бере отырып, сан алуан туынды әзірледі: әсем шыршалар, келер жылдың нышаны — жылқы бейнесі, әртүрлі сүйкімді мүсіншелер, тіпті көмір тиелген вагонетка да бар. Кейбір жұмыстарда «Богатырь Көмір» компаниясының логотипі де қолданған.

Осы шараның арқасында балалар ата-аналары қызмет ететін кәсіпорны туралы жылы әсер алды. Балалардың әсем ойыншықтарымен Бас кеңсе алдындағы шыршалар безендіріліп, мерекелік жылулық пен көтеріңкі көңіл-күй сыйлады.


Жаңалықтар тізіміне оралу