Студенттер ТКЖЖ зауытында

04.12.2025

Қосым Пішенбаев атындағы Екібастұз тау-кен техникалық колледжінің «Машина жасау технологиясы» мамандығында оқитын студенттері үшін тау-кен-көлік жабдықтарын жөндеу зауытының механикалық учаскесіне экскурсия өткізілді.

Студенттерге өндірістік үдерістерді «Богатырь Көмір» ЖШС ардагері Виктор Алексеевич Валяр таныстырды. Ол – зауытта 40 жылдан астам уақыт қызмет еткен жоғары білікті маман. Зейнеткерлікке шыққаннан кейін Қ. Пішенбаев атындағы ЕТТК-нің оқытушысы болып, өзінің бай тәжірибесі мен білімін жас мамандарға үйретуді жалғастыруда.

Ардагер маманның көпжылдық тәжірибесі мен терең кәсіби білімінің арқасында студенттер құнды практикалық кеңестер алып, өндірістегі нақты жұмыс үдерістерімен жан-жақты танысты.

Экскурсия барысында студенттер үлкен қызығушылық танытып, белсенді түрде сұрақтар қойды. Бұған қоса, олар теорияда ғана оқып жүрген жабдықтарды және технологиялық үдерістерді өз көздерімен көріп, тәжірибелік түсініктерін кеңейтті. Іс-шара болашақ мамандардың практикалық дағдыларын нығайтуға және кәсіби дамуға деген ынтасын арттыруға ықпал ететініне сенеміз.


Жаңалықтар тізіміне оралу