Маңызды тақырып

02.12.2025

Екібастұзға жұмыс сапарымен келген ҚР Энергетика вице-министрі Санжар Серікбайұлы Жаркешов «Богатырь» кенішінде болды. Оны «Богатырь Көмір» ЖШС бас директоры Евгений Мастернак қарсы алып, кеніштің тарихы, көмір қоры және көмір өндіру технологиясымен таныстырды.

Сонымен бірге астаналық қонақтар қатты отынның өндіру тәсілін өз көздерімен көріп, ауқымды техникалар мен жұмыстың көлемінен ерекше әсер алды. Бұдан кейін кездесу әкімшілік-тұрмыстық кешеннің мәжіліс залында жалғасты. Онда Евгений Мастернак компанияның даму жоспарларын таныстырды.

Кеңес барысында көмір өткізу, нарықты кеңейту, инвестициялық жобалар және көмір бағасына қатысты мәселелер талқыланды. Сонымен бірге Санжар Серікбайұлы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың көмір химиясын дамыту жөніндегі тапсырмасына тоқталып, бұл бағыттағы мүмкіндіктерді кеңінен қарастыру қажеттігін атап өтті. Кеңесте көмір қыртыстарынан метан өндіру амәселесі де көтерілді. Вице-министр аталған екі бағыт бойынша ұсыныстарды талқылауға дайын екенін және осы салада тәжірибесі бар шетелдік компаниялармен кездесулер ұйымдастыру мүмкіндігін жеткізді.


Жаңалықтар тізіміне оралу