Астанадан жүлде

26.11.2025

2025 жылдың 21–23 қараша күндері Астана қаласында 40 жастан асқан ардагерлер арасында мини-футболдан Қазақстан Республикасының чемпионаты өтті. Бұл додада «Богатырь Көмір» командасы да абыройлы өнер көрсетті.

Айта кету керек, біздің спортшылардың жарысқа қатысуына «ҚАЗАҚ КӨМІР КӘСІПОДАҚ» қоғамдық бірлестігі «Богатырь Көмір» ЖШС қызметкерлерінің «Бірыңғай кәсіподақ» бастауыш кәсіподақ ұйымы қолдау көрсетті.

Тартысты да қызықты өткен кездесулер қорытындысы бойынша кеншілерден құралған «Богатырь» командасы жігер танытып, бірліктің үлгісін көрсетіп, чемпионаттың қола жүлдесін жеңіп алды.

Сонымен бірге әріптесіміз, Богатырь жүк тиеу-көлік басқармасының тартушы агрегат машинистінің көмекшісі Валерий Пастухов турнирдің «Үздік ойыншысы» атанды.

Футболшыларымызды қола жүлделерімен құттықтаймыз! Әр жарыста табыстары еселеніп, жеңісті ойындары көп болсын!


Жаңалықтар тізіміне оралу