Жеңіс стратегиясы
22.11.2025
22 қараша күні спорттық-сауықтыру кешенінде шахмат сүйер қауымды жинаған ерекше турнир өтті. «Богатырь Көмір» ЖШС қызметкерлері бас қосқан бұл сайысқа көптеген кеншілер алғаш рет қатысып, өздерінің зияткерлік шеберлігін сынап көрді.
Жарыстың әр кезеңі тартысқа толы болды. Қатысушылар шахмат тақтасы басында күрделі комбинацияларды өткізіп, тосын әрі батыл шешімдер қабылдады. Партиялардың әрбірі көрермендерді алғашқы жүрістен-ақ өзіне баурап, финалдық нәтижеге дейін толқыныста ұстап тұрды.
«Богатырь» кенішінің 55 жылдық мерейтойы қарсаңында кеніш қызметкерлері ерекше жігер танытып, өзге құрылымдардан келген әріптестерін басып озып, барлық жүлделі орындарды еншіледі. Бұл олардың бірлігін, кәсіби ынтасын және жеңіске деген ұмтылысын айқын көрсетті.
Турнир қорытындысы бойынша жеңімпаздар:
1 орын – Галимхан Баширов
2 орын – Манас Жұмабеков
3 орын – Марат Бытанов
Зияткерлік додаға қатысып, өз өнерін көрсеткен барлық ойыншыларға ризашылық білдіреміз. Жеңімпаздарды шын жүректен құттықтап, алдағы жарыстарда жаңа табыстар тілейміз!




























