Офистен – өндіріске!
12.11.2025
Көмір кеніші, роторлы экскаваторлар, циклдік-толассыз технология, жөндеу алаңдары – мұның бәрін енді тек сурет пен есептерден ғана емес, барып өз көзіңмен көре аласың!
«Богатырь Көмір» кеңсе қызметкерлері кеңсе орындықтарын каска мен арнайы киімге ауыстырып, ел энергиясының қайнар көзі қалай өндірілетінін көру үшін аттанды.
Алғашқы танымдық экскурсия өткен жұма күні өтті және бұл тек бастамасы ғана. Алдағы уақытта бұндай сапарлар мерзімді түрде болып тұрады деп күтілуде.
Бұл – кәсіпорынның ауқымын сезінуге, кеніште еңбек ететін әріптестердің ерен еңбегін өз көзіңмен көруге және «Богатырь Көмір» – ортақ іске біріктірілген біртұтас команда екеніне көз жеткізуге мүмкіндік беретін тамаша шара.








