Еңбегі еленді
28.10.2025
Мемлекеттік наградаға ие болған әріптесімізді құттықтаймыз!
Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес Республика күніне орай Қазақстан Республикасының Премьер-министрі Олжас Бектенов ел экономикасының түрлі салаларында еңбек етіп жүрген қызметкерлерге мемлекеттік наградалар табыс етті. Солардың қатарында біздің әріптесіміздің болғаны қуантады.
Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығымен Мемлекеттік және қоғамдық қызметтегі еңбегі, елдің әлеуметтік-экономикалық дамуына қосқан үлесі үшін Мұрат Жұмәліков – «Богатырь Көмір» ЖШС БЖКБ тарту агрегатының машинисі «Ерен еңбегі үшін» медалімен марапатталды.
Мұрат Сапарұлы серіктестікте 40 жылдан астам уақыт еңбек етіп, өндірістің дамуына өлшеусіз үлес қосып келеді. Сонымен қатар, ол жас мамандарды тәрбиелеуге белсене атсалысып, бай кәсіби және өмірлік тәжірибесін жас ұрпаққа үйретіп, өнегелі тәлімгер ретінде танылған.
Ұжымда зор құрметке ие, абыройы биік әріптесіміз Мұрат Сапарұлын лайықты мемлекеттік наградасымен шын жүректен құттықтаймыз!
Еңбегіңіз әрдайым еленіп, мерейіңіз үстем болсын!








