Кеншілер футболы

26.10.2025

Республика күніне орай «Богатырь Көмір» ЖШС-де  шағын футбол турнирі ұйымдастырылып, ол нағыз спорттық бәсекеге толы ерекше шараға айналды.

Компанияның құрылымдық бөлімшелерінің намысын қорғаған 10 команда өзара бақ сынасып, тартысты ойын өрнегін көрсетті.

 Әр команда ойын тактикасын тиімді қолданып, шеберлік пен ұйымшылдықтың үлгісін көрсете білді. Кеншілердің әр ойында жеңіске деген жігері мен спортқа деген сүйіспеншілігі айқын байқалды.

 Олимпиялық жүйе бойынша өткен кездесулер нәтижесінде бес команда жарыс жолынан шығып қалса, қалған бес ұжым жүлделі орындар үшін күш сынасты. Қорытынды ойындар жоғары деңгейде өтіп, командалар өз шеберлігін толық көрсете алды.


Жарыс нәтижесінде жеңімпаздар келесідей анықталды:

1 орын – «Богатырь» кенішінің Северный кешені,

2 орын – «Ударная» ЖҚД,

3 орын – «Эксплуатация» ЖҚД.


Барлық қатысушылар мен жүлдегер командаларды шын жүректен құттықтаймыз!

Еңбекте де, спортта да жеңісті күндер көп болсын!


Жаңалықтар тізіміне оралу