Тиімді шешімдер

24.10.2025

«Богатырь Көмір» ЖШС-де «Өндірістік жүйенің негіздері» бағыты бойынша оқыту жалғасуда. Оқыту бағдарламасы теориялық және тәжірибелік бөлімдерден тұрады. Тәжірибелік бөлім аясында осы сессияда ЦТТ, техникалық қызмет көрсету және жөндеу дирекциясының алаңшалары таңдалды.

Осы жүйе бойынша бүгін біздің кеншілер өндірістік үдерістерді жетілдіру жөнінде өз ұсыныстарын енгізді. Сол бағыттардың бірі — орташалау-тиегіш машинасының (ОТМ) шөміш клапандарын жаңғырту. Бұл клапандар жабдықтың жұмысында шығын материалдары ретінде пайдаланылады.

Конструкцияны жетілдірудің арқасында олардың қызмет ету мерзімі шамамен үш есе ұзарды. Бұл өз кезегінде шығындарды азайтып, жабдықтың өнімділігін арттыруға мүмкіндік берді.

Тағы бір маңызды бағыт — тасымалдаушы таспаның роликтерін ауыстыру үдерісін оңтайландыру. Мұнда команда жұмыс тоқтап қалу уақытын барынша қысқартуға және еңбектің қауіпсіздігін арттыруға мүмкіндік беретін, сонымен қатар үдерісті автоматтандыратын шешімдер әзірледі.

ЦТТ дирекциясының директоры, Lean Six Sigma әдістемесі бойынша «қара белбеу» иегері Владимир Тюлиннің жоспарында – қызметкерлер макеттер мен оқу стендтерінде тікелей оқу сыныбында тәжірибелік дағдыларын дамыта алатын оқу кабинетін ашу бар.

Мұндай тәсіл өндіріс орнында білікті мамандарды даярлауға, сондай-ақ тәртіп, дәлдік және жауапкершілік мәдениетін қалыптастыруға мүмкіндік береді.

«Ең бастысы – қол жеткізген жетістіктермен шектеліп қалмау. Өндірістік жүйе – бұл тұрақты даму, қалыптан тыс ойлау және жаңа шешімдерді табуға ұмтылыс», — деп атап өтті Владимир Тюлин.

Компания басшысы Евгений Мастернак барлық қатысушыларға алғыс айтып, оқу курсын аяқтағандары туралы сертификаттар табыс етті. Бас директор жас мамандарға сәттілік тілеп, жаңа жобаларда табысқа жетуді тіледі.

Өндірістік жүйе аясында алынған білім болашақта қызметкерлерге кәсіби өсуге және мансап баспалдағымен жоғары көтерілуге көмектеседі.

«Богатырь Көмір» командасы адымдап өндірістік мәдениеттің негізін нығайтып келеді, мұнда әрбір қызметкер — жетілдіру үдерісінің белсенді қатысушысы.


Жаңалықтар тізіміне оралу