Партиялық жауапкершілік
23.10.2025
Бүгін, 23 қазанда, «AMANAT» партиясының Павлодар облыстық филиалының кеңсесінде өткен салтанатты қабылдау рәсімінде «Богатырь Көмір» ЖШС-нің 50 қызметкері партияның жаңа мүшесі атанды.
Шараға оларды бас директордың кеңесшісі, кәсіпорындағы бастауыш партия ұйымының төрағасы Серік Зүкенұлы Саттаров бастап барды.
Партия билеттерін «AMANAT» партиясының Павлодар облыстық филиалының атқарушы хатшысы Николай Дычко салтанатты түрде табыстады.
Сонымен қатар, Серік Саттаров жетекшілік ететін «Богатырь Көмір» ЖШС бастауыш партия ұйымы белсенді және нәтижелі қызметі үшін Алғыс хатпен марапатталды.
Партия қатарына қабылданған жаңа аманаттықтар партияның бастамаларын қолдауға, еліміз бен өңірдің дамуына үлес қосуға, сондай-ақ қоғам мен ұжымның игілігі үшін адал қызмет етуге дайын екендіктерін білдірді.







