Богатырь барысы
11.10.2025
Бүгін, 11 қазанда, «Богатырь Көмір» ЖШС-нің спорттық-сауықтыру кешенінде Республика күніне арналып қазақ күресінен жарыс өтті.
Оның салтанатты ашылуында компания басшылығы, Екібастұз қалалық қазақ күресі федерациясының, «AMANAT» партиясы қалалық филиалының және кәсіподақ ұйымының басшылары сөз алып, Республика күнімен құттықтап, жарысқа қатысушыларға сәттілік тіледі. Балуандардың арасында ардагер спортшылардың болғаны қуантты. Боз кілемде күш сынасқан кеншілер алдымен алты салмақ дәрежесі бойынша жеңімпаздар мен жүлдегерлерді анықтасты, ал орындар келесідей бөлінді:
60 келіге дейін:
1 орын – Мирас Қапаров (ТКЖЖ зауыты)
2 орын – Тарлан Шейдаев (Атқарушы аппарат, АТБ)
3 орын – Диас Габдулгазиз (ТКБ)
66 келіге дейін:
1 орын – Иманбек Әлкенов («Богатырь» кеніші)
2 орын – Аңсар Сейілғазин (ТКЖЖ зауыты)
3 орын – Мәди Зейнолла (ТКЖЖ зауыты)
74 келіге дейін
1 орын – Нұржан Серікбаев («Богатырь» кеніші)
2 орын – Дархан Шамбасов (ТКБ)
3 орын – Жанат Тайтүяқ (Автобаза)
82 келіге дейін:
1 орын – Қанат Сайлауғазы (ТЖЖЖД)
2 орын – Расул Бейсен (ТКБ)
3 орын – Ержігіт Сейсенбаев («Богатырь» кеніші)
90 келіге дейін:
1 орын – Дәулет Ишмаметов (ЦТТ)
2 орын – Нұрлыбек Нұрдолдай («Богатырь» кеніші)
3 орын – Елдар Мұхтаров (ТКБ)
90 келіден жоғары:
1 орын – Нұрпейіс Қажымұрат (ЭЖД)
2 орын – Мадияр Орынбаев («Богатырь» кеніші)
3 орын – Райымбек Олжабай (ЭЖД)
Бұдан соң абсолюттік салмақта белдесуге тілек білдірген он балуан ортаға шығып, жеребе тартып, өз рет сандарын анықтады. Бұның да әр белдесуі тартысты әрі қызықты өтті. Қорытындысында үздік үштік қатарынан мыналар көрінді:
1 орын – Дәулет Ишмаметов
2 орын – Райымбек Олжабай
3 орын – Иманбек Әлкенов
Жүлдегерлер мен чемпиондар ақшалай сыйлықтар мен дипломдарға ие болды. Ал «Түйе балуан» атанған Дәулет Ишмаметовке оларға қоса «Богатырь барысы» белбеуі тағылды. Жүлдегерлерді жеңістерімен құттықтаймыз! Барлық қатысушыларға ризашылығымызды білдіреміз. Жеңісті жарыстар көп болсын!
Сегодня, 11 октября, в спортивно-оздоровительном комплексе ТОО «Богатырь Комир» прошёл легендарный турнир по қазақ күресі, приуроченный к Дню Республики.