Жылу сыйлаймыз

04.10.2025

Біздің компания пешпен жылытылатын үйлерде тұратын өз қызметкерлері мен ардагерлерін ғана емес, сонымен қатар өңірдің басқа да тұрғындарына көмек көрсетеді.

Ағымдағы жылдың тамыз айында Екібастұз қаласы әкімдігінен пешпен жылытылатын үйлерде тұратын әлеуметтік тұрғыдан осал топтарға – көпбалалы және аз қамтылған отбасыларға, мүгедектігі бар тұлғаларға, сондай-ақ төмен зейнетақы алатын жалғызбасты зейнеткерлерге – қайырымдылық көмегін көрсету туралы өтініш түсті.

Көп жылдар бойы «Богатырь Көмір» ЖШС қала мен ауылдың ең мұқтаж тұрғындарын тегін көмірмен қамтамасыз етіп келеді. 2025–2026 жылдардағы жылыту маусымына бұл мақсатқа 3 500 тонна қатты отын қарастырылған, оның 650 тоннасы қазірдің өзінде жеткізілді. Қалғаны жақын уақытта алушыларға жеткізіледі.

«Богатырь Көмір» әрдайым өңір тұрғындарына қамқорлық жасап, көмекке аса мұқтаж жандарға қолдау көрсетуді жалғастырып келеді.


Жаңалықтар тізіміне оралу