Қамқорлық пен ықылас
01.10.2025
Халықаралық қарттар күнімен «Богатырь Көмір» ардагерлер мен зейнеткерлерді құттықтады.
Көмір өнеркәсібінің дамуына үлес қосқан ардагерлеріміздің еңбегін біз жоғары бағалаймыз. Ардагерлеріміз әрдайым қамқорлық пен ілтипатқа бөленуде. Бүгін олардың елуіне құттықтау сөздері айтылды, сыйлықтар және азық-түлік жиынтықтары табысталды.
Бұдан басқа «AMANAT» партиясының компаниямыздағы бастауыш партия ұйымының «Көміршілердің салалық кәсіптік одағы «ҚАЗАҚ КӨМІР КӘСІПОДАҚ» қоғамдық бірлестігі «Богатырь Көмір» ЖШС қызметкерлерінің «Бірыңғай кәсіподақ» бастауыш кәсіподақ ұйымы және Біріккен жастар қозғалысы өкілдері «Өмірлік қиын жағдайға тап болған тұлғаларды қайта әлеуметтендіру орталығы» коммуналдық мекемесінде тұрып жатқан 13 қарияны құттықтап, сыйлықтарын табыс етті. Сонымен қатар мерекелік дастарқанға арналып тәттілер мен торттар сыйға тартылды.
Жас ұрпаққа үлгі болғандарыңыз, мамандықтарыңызға адалдық танытқандарыңыз және қажырлы еңбектеріңіз үшін шын жүректен алғысымызды айтып, ризашылығымызды білдіреміз.