Ортақ мақсатқа бірге
30.09.2025
Бүгін, 30 қыркүйекте «AMANAT» партиясының қатары «Богатырь Көмір» ЖШС-нің 38 қызметкерімен толықты.
Оларға партиялық билеттерді салтанатты түрде табыстау үшін Павлодар облыстық филиалының атқарушы хатшысы міндетін атқарушы Айнұр Мұхамедьярова арнайы келді.
«Сіздердің еңбектеріңіздің маңызы зор: сіздер елді жылумен және жарықпен қамтамасыз етіп отырсыздар. Бір кәсіпорынның мұншама қызметкерінің бір мезетте партия қатарына қосылуы – халықтың сенімін және партияның мақсаттарын қолдауға дайын екендігін көрсетеді», – деп атап өтті Айнұр Абылайқызы.
Сондай-ақ, «Богатырь Көмір» ЖШС бас директорының кеңесшісі, «AMANAT» партиясының компаниядағы бастауыш ұйымының төрағасы Серік Саттаров тағы 19 қызметкерге жаңартылған партия билеттерін тапсырды.
Жаңа аманаттықтар партия жұмысына қолдау білдіріп, алға қойылған мақсаттарға бірге жетуге дайын екендіктерін жеткізді.