«AMANAT» - халықпен бірге
29.09.2025
«AMANAT» партиясы Саяси менеджмент академиясы Павлодар облысындағы бастауыш партия ұйымдары үшін «Бастауыш партия ұйымдарын (БПҰ) қызметін жетілдіру» және «Әйел аманаты» модульдері бойынша екі күндік семинар-тренинг өткізді.
Аталған шараға «AMANAT» партиясы «Богатырь Көмір» ЖШС БПҰ төрағасы Серік Саттаров қатысып, партиялық білімін жетілдірді.
Семинар барысында қатысушылар партия Жарғысымен, сондай-ақ 2023–2027 жылдарға арналған «Халықпен бірге» сайлауалды бағдарламасымен танысты. Сонымен қатар ақпараттық-түсіндірмелік жұмыстар жүргізу кезінде халықпен байланыстың тиімді түрлері мен әдістері, партия мүшесінің қоғамдық-саяси үдерістердегі рөлі, түрлі өмірлік көзқарастағы азаматтармен сындарлы қарым-қатынас орнату, партиялық жобалардың іске асырылу тетіктері талқыланды.
Сондай-ақ БПҰ қызметін тиімді ұйымдастырудың заманауи тәсілдері, қатарға жаңа мүшелер тарту жолдары және үгіт-насихат жұмыстарында цифрлық құралдарды пайдалану тәжірибесі үйретілді.