Ізгілік көмегі
27.09.2025
Жылыту маусымы да басталып кетті. Бұл кезеңнен еш қиындықсыз өту мақсатында облысымыздың бірқатар діни мекемелері қайырымдылық көмек ретінде «Богатырь Көмір» ЖШС-нен қатты отын – көмірді тегін беруді сұраған болатын. Соның бірі – Ақтоғай ауылындағы «Жандарбек» мешіті.
Мешіт имамы Ахметолла қажы Қожахметовтың мәліметінше, жылдың суық мезгілінде көмірмен жылытылатын аумақтың жалпы ауданы – 1130 м². Оның ішінде мешіттің өзі, асхана, медресе және тұрғын үй бар. Өткен жылыту маусымында бұл қажеттілікті өтеу үшін 80 тонна богатырлық көмір жеткізілген, алайда ол көлем жеткіліксіз болған. Осыны ескерген Компания басшылығы 2025–2026 жылдардағы күзгі-қысқы кезеңде діни мекеменің еш қиындықсыз жылынуын қамтамасыз ету мақсатында 130 тонна отынды тегін бөлді.
Ақтоғайлық жамағаттың атынан мешіт имамы Ахметолла Жандарбекұлы «Богатырь Көмір» ЖШС ұжымына ризашылығын білдіріп, еңбектеріне береке тіледі.
«Богатырь Көмір» ЖШС үшін қайырымдылық – әлеуметтік жауапкершіліктің маңызды бөлігі. Компания осындай игі істер арқылы қоғаммен байланысты нығайтып, халықтың игілігіне қызмет етуді басты қағидаттарының бірі санайды.